Жаңалық Редакция таңдауы

Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі

«Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» арнайы жобасы 2019 жылдан жүзеге асырылуда. Мақсаты- теледидар, кино, әлеуметтік желілер арқылы қазақ халқы тарихының өркениеттік сабақтастығын ашу.

2019 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен екі анимациялық фильм шығарды. Олар: «Күлтегін» – көптеген көшпелі этностарды бір ту астында біріктірген, ұлы империяның дәстүрін жалғастырған Түркі қағанатының белгілі әскери қолбасшысы туралы; «Мұзбалақ – бүркітті қолға үйрету, құс пен иесінің достығы жайлы фильм.

2019 жылдың 27 қыркүйегінде Ұлы сақ патшайымы Томиристің өмірі мен билік ету тарихын баяндайтын «Томирис» көркем тарихи фильмінің тұсаукесері болды. «Тарих ағымында: Мәңгілік. Қасым хан» атты көп сериялы көркем фильмді шығару басталды. Жобаның көркемдік жетекшісі түрік режиссері Метин Гюнай болды.

«Мұзбалақ» туындысы Мәскеуде өткен 17-ші халықаралық кинематографтардың «Дух огня» фестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысты. Чехия мемлекетінің Злин қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған халықаралық кинофестивальдің конкурстан тыс «Панорама» бағдарламасына енді. 2019 жылы «В кругу семьи» отбасылық және балалар фильмдерінің 14 халықаралық кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы сыйлығына ие болып, 24-ші Халықаралық «Schlingel» балалар және жасөспірімдер фильмдерінің кинофестивалінде неміс анимациялық фильмдер институтының (DIAF) «Үздік анимациялық фильм» жүлдесін иеленді.

«Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» арнайы жобасы аясында көркем фильмдер түсірілді. Олар: «Түркістан – кеше, бүгін, ертең», Ұлы ғұлама Әбу Насыр әл – Фарабидің өмірі туралы «Мұғалімнің оралуы» және «Тарих керуені», «Абайдың қара сөздері».

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button