Жаңалық Редакция таңдауы

Бүгін - Халықаралық жастар күні

Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы, жастар ісі бойынша министрлердің 1998 жылы 8-12 тамызда Лиссабон қаласында өткен Бүкіләлемдік конференциясының ұсынысы бойынша бекіткен.

БҰҰ классификациясы бойынша жастардың жас ерекшеліктері – 15 жастан 24 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Әлем бойынша жасөспірімдер мен жастардың саны 1,8 миллиардты құрайды. 1950 жылы бар болғаны 720 миллион болса, 2050 жылға қарай бұл сан 2 миллиардтан асады деп күтілуде. БҰҰ жастарды бейбітшілік, экология, теңдік және барлығы үшін әл-ауқат үшін күрестің толыққанды серіктестері және белсенді қатысушылары ретінде қарастырады.

Жер шарында жастардың көпшілігі кедей және дамушы елдерде тұрады. 10 жастан 24 жасқа дейінгі 10 адамның 9-ы табысы төмен елдерде өмір сүреді. Кейбір мемлекеттерде халық құрылымындағы жастардың үлесі 80% – ға жетеді. Бұл елдердегі жастарда қиындық өте көп. Көбінесе олар білім мен медицинада қиындықтарға тап болады.

2022 жылы Халықаралық жастар күнінің тақырыбы – «Ұрпақтар ынтымақтастығы: барлық жастағы адамдар үшін бейбітшілік орнатайық». Бұл ұран қоғамның дамуы үшін барлық жастағы адамдардың күш-жігерін біріктіру қажет екенін еске салады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button