Жаңалық Мақала Редакция таңдауы

Pandora-ның сіз білмейтін тарихы

Pandora (Пандора) — зергерлік әшекейлердің әлемдік бренді. Ол бәсекелестерінен дизайнның түпнұсқалығы және әшекейлерінің өзіндік элементтерінің жоғары шеберлікпен орындалуымен ерекшеленеді.

Компания әшекейлеріне зергерлер мен тұтынушылар төмендегідей сипаттама береді:

  • жоғары сапалы бұйымдар мен шарм — қолмен жасалған бұйымдар, сапалы материалдар, күміс және алтын өнім, тозудың алдын алу үшін арнайы өңдеуден өткен, табиғи тастар;
  • даралықты сақтау: авторлық және клиенттің идеясына сай бұйым жасау мүмкіндігі (бұйымның стиліне, материалына, шарм мен құрамына қатысты);
  • сервис: әшекейлер топтамасын сайттан көріп, тапсырыспен алу мүмкіндігі;
  • өнімнің қол жетімділігі — брендтің дүкендері әлемнің көптеген елдерінде орналасқан, сондықтан бұйымда алу қиындық тудырмайды;
  • әрдайым сәнде — компанияның білезіктері, сақиналары үнемі трендте болады, тек жаңа шармдарды алу керек.

Пандора — ежелгі грек аңызындағы қыздың есімі. Кейіпкер сыйлыққа жәшік алғанымен, шектен тыс қызығушылығымен оқырмандардың есінде қалған. Оқиға желісі бойынша, қыз жәшікті ашқанда, әлемге қайғы-қасірет пен бақытсыздық орнайды. Алайда, брендтің атауының бұл оқиғамен ешбір байланысы жоқ. Оның негізі Пандора есімінің мәнінде жатыр — «дарынды». Иә, өз дарындылығымен ерекшеленген дизайнерлердің қолынан шыққан дүниелер әлі күнге дейін әйелдердің сұлулығына сән қосып келеді.

Бұл білезіктердің пайда болу тарихы Дания мемлекетінен бастау алады. 1982 жылы Копенгагеннің орталығынан көлемі 30 шаршы метрді құрайтын шағын дүкен ашылады, онда қолмен жасалған зергерлік бұйымдар сатылады. Дүкенді жас зергер Пер Эневолдсен және оның әйелі Винни ашады. Олар әдемі әшекей-бұйымдарды Тайландтан әкеліп, Данияда сатылымға шығарады. Осылайша біртіндеп олардың өнімдеріне сұраныс арта бастайды.

1987 жылы Пер мен Винни дизайнер энтузиаст Лоне Франдсен танысып, оны өз командасына қосады. Жаңадан келген дизайнер зергерлік әшекейлердің алғашқы коллекциясын жасауға көмектеседі. Кейін команданы тағы бір танымал дизайнер Элизабет Ларсен толықтырады. Осы жылдан бастап олар өздерінің дизайнерлік бұйымдарын жасайды. Осылайша, алтыннан, былғарыдан, күмістен жасалған білезіктер идеясы клиенттердің көңілінен шығады, бұл Пандораға көтерме саудаға көшуге жол ашады. Кәсіпті алға жылжыту және табысты арттыру үшін компания 1989 жылы Таиландта жеке зергерлік бұйымдар шығаруды қолға алады.

1999 жылдың соңында Дания нарығына «Шармдар» деп аталатын бағалы кулондар (моншақтар) негізінде жасалған PANDORA модульдік білезіктер келеді. Білезіктердің ерекше дизайны Дания ханымдарын таң қалдырады. Осыдан кейін PANDORA компаниясы білезіктердің элементтерін өзгерту мүмкіндігі бар жаңа топтаманы ұсынды. Жаңа топтама компанияны табысқа жетеледі, әлемдік бренд атануға мүмкіндік берді.

2000 жылы компания тағы бір сәтті топтаманы жұртшылыққа таныстырды. Бұл коллекцияның ерекшелігі алтыннан жасалған PANDORA Charm білезігі болды. Оның құндылығы — 14 карат. Басқаша айтқанда, білезік жасау үшін пайдаланылатын алтын массасы бұйым қорытпасының салмағынан 0,583-ке тең.

Жаңа топтамадағы әшекейлер бас-аяғы 2 айдың ішінде толық сатылып кетеді. Сұранысты қанағаттандыру үшін 2005 жылы Пандора Таиланд астанасы Бангкокта зергерлік бұйымдар фабрикасын ашады.

Дат нарығын мойындатқан бренд өзінің қамту аймығын кеңейте бастайды. Осылайша, PANDORA 2003 жылы Америка Құрама Штаттарына, 2004 жылы Германия мен Австралияға танылады. Одан кейінгі жылдары PANDORA әлемдік нарықта, негізінен дистрибьюторлар есебінен кәсіпбін жүргізеді, Таиландтағы өндірісті ұлғайтуға көңіл бөледі. Сондықтан, 2008 жылдың тамызында екінші зауытты ашады, ал 2010 жылы кең ауқымды өндірістің бірегей құрылымын дәлелдеп, үшінші және төртінші PANDORA зауыттарын іске қосады.

PANDORA — бүгінгі күні тұрақты клиенттері мен табысы бар, сұранысқа ие, әлемге танымал ірі компания. Оның өнімдері 2,600 концептуалды дүкендерді қоса алғанда, 6 құрлықтың 100-ден астам еліндегі 8000-ға жуық дүкенде сатылады. PANDORA-ның миссиясы — әлемдегі әйелдерге қол жетімді бағамен заманауи жоғары сапалы зергерлік бұйымдарды өзіндік таңдау мүмкіндігін ұсыну.

Дереккөз: 7kun.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button