ЖаңалықРедакция таңдауы

Қазақстанда тұңғыш рет кибер құқық мектебі ашылады

Елордада 15 тамыз күні Digital Rights Center Qazaqstan және М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті ұйымдастырған Кибер құқық мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Курс цифрлық экономика және құқық саласындағы заңгерлер үшін құзыреттілікті дамыту, цифрлық құқық саласындағы біліктілікті арттыруға арналған.

Электрондық және мобильді ақша, жасанды интеллект және үлкен деректер, блокчейн, криптовалюта және смарт-келісімшарттар, интеллектуалдық меншіктің цифрландыруы — осы және басқа да көптеген мәселелер қазіргі заң ғылымының негізгі салаларының бірі ретінде кибер құқықтың маңызды және үнемі дамып келе жатқан бөліктерін құрайды.

Бүгінгі күні цифрлық технологиялар құқықта да экономиканы қалыптастыра отырып, оның шоғырланған көрінісі ретінде барлық адамдар мойындайды.

Бағдарлама аясында тыңдармандар Қазақстан заңнамасы мен халықаралық құқыққа сәйкес цифрлық ортадағы реттеудің өзекті практикалары туралы біліп, киберкеңістікте қалыптасатын құқықтық қатынастармен жұмыс істеу дағдыларын алады, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша тәжірибе жүргізетін кибер заңгерлердің белсенді нетворкингіне қосылады.

Басқа материалдар

Back to top button