Жаңалық Редакция таңдауы

Ағылшын деңгейіңізді анықтағыңыз келсе

«Пайдалы кеңес» айдарының бүгінгі санында ағылшын тілі деңгейіңізді анықтауға көмектесетін тегін 7 сайтпен бөліспекпіз.

LearnEnglish.BritishCouncil.org – А1-С2 арасында деңгейіңізді анықтап беретін BritishCouncil ұсынған сайт. Тест тапсыру үшін тіркелесіз, әріқарай тест тегін. ⠀

EnglishRadar.com – 60 сұрақтан тұратын тесті тапсыруға 60 минут беріледі. Осы арқылы сіз ағылшын деңгейіңізді анықтайсыз. Аудионы тыңдау үшін құлаққап керек болады.

EnglishTestsOnline.com – грамматика, сөздік қор, оқуға арналған тестер жиналған сайт. Кейбір тесті PDF форматта алып, принтерден шығарып алуға болады. Сайттағы тестер тегін.

CambridgeEnglish.org – Cambridge ұсынған сайттағы тестерді тапсыру арқылы деңгей анықтауға болады. Мұндағы тестер балаларға, ересектерге, мектепке және жоғарғы деңгейдегі ағылшын деп бірнеше топқа бөлінеді. ⠀

Test-English.com – ағылшын деңгейін анықтауға көмектесетін сайт, мұнда оқу, жазу, грамматикаға арналған тестер бар. Сондай-ақ IELTS. TOEFL сияқты емтихандарға арналған тегін тапсырмалар таба аласыз. ⠀

EfSET.org – бұл сайтта 15 минуттық және 50 минуттық екі тест бар. 50 минуттық тесті тапсырсаңыз сертификат береді. Негізінен оқу мен тыңдауға құрылған. Алған сертификатты кейін жұмысқа тапсырғанда, резюмеге қосуға болады. Тест тапсыру тегін. ⠀

TestYourVocab.org – Сөздік қорыңызды тексеруге арналған бес минуттық тест. Білетін сөздеріңізді белгілеп шығасыз, сол арқылы сөздік қорыңызды анықтап береді.

Журналист Руслан Меделбектің инстаграм парақшасынан

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button