ЖаңалықРедакция таңдауы

Қазақ вальсі королінің туғанына 92 жыл

Бүгін – қазақ даласын әнмен тербеткен сазгер Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.

Шәмші Қалдаяқов Отырар ауданы Шәуілдір ауылында 1930 жылы 15 тамызда дүниеге келген. Шәмшінің әкесі ұл туса Жәмшид патшаның атын қоямын деп жүрген кезінде түс көрген. Түсінде ұлының көлде аққу құс болып жүзіп жүргенін көрген. Мұны Шәмшінің әкесі жақсылыққа жорыған.

Шәмші 1950 жылдан бастап шығармашылықпен шұғылдана бастады. Оның ырғақты әндері жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Шәмші шығармаларының басты тақырыбы – елге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-жаранға деген сүйіспеншілік болды. Оның әндеріне көбінесе Мұхтар Шаханов, Сабырхан Асанов, Қадыр Мырза Әли, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әлімқұлов, Төлеген Айбергенов, Зәкір Шүкіров, Тұманбай Молдағалиев, Ғафу Қайырбеков сынды қазақтың дарынды ақындары қалам тербеді.

Қазақтың кең байтақ жерін жырға қосатын сазгердің «Ақ ерке – Ақ Жайық», «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Теріскей», «Қарқаралы», «Өмір өзен» әндерін жұртшылық ерекше ықыласпен қабылдады. Шаттықпен шырқалатын «Бақыт құшағында», «Отырардағы той», «Бәрінен де сен сұлу» әндері де халық арасына кеңінен тарады. Әсіресе, 60-70-жылдары Шәмшінің танымалдылығы артты. Халық оны «Қазақ вальсінің королі» деп атады.

Басқа материалдар

Back to top button