ЖаңалықРедакция таңдауы

Қазақстандық оқушылар информатикадан халықаралық олимпиадада жеңімпаз атанды

Индонезияда өткен информатикадан халықаралық олимпиадада (IOI) Қазақстандық оқушылар 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Бұл беделді олимпиадаға 4 оқушы қатысты. 90-ға жуық елден келген 350-ден астам қатысушының басын қосқан жарыста елімізден барған 4 оқушы да жүлделі орындарға ие болды.

Оралдық Жамбыл Мақсотов пен семейлік Мұхаммадариф Сахмолдин күміс, ал алматылық Ван Ли мен Таймас Қорғанбаев қола жүлдені иеленді.

Осылайша, қазақстандық оқушылардың 2022 жылы ең беделді халықаралық олимпиадаларда жеңіп алған медальдарының саны рекордтық көрсеткішке жетті. Қазақстан құрамасының қоржынында 27 медаль бар, оның ішінде 3 алтын, 15 күміс және 9 қола.

Биыл алғаш рет Президенттің қолдауының арқасында халықаралық жарыстардың жеңімпаздары 4,5 млн теңгеге дейін қомақты ақшалай сыйақы мен ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-да оқуға грантқа ие болады.

Басқа материалдар

Back to top button