Жаңалық Редакция таңдауы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жобаларды іске асыру мен ақпараттық қолдау мәселелері жөніндегі кеңес өтті

18 тамыз күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жобаларды іске асыру мен ақпараттық қолдау мәселелері жөніндегі кеңес онлайн форматта өтті.

Кеңеске жобалардың жүзеге асуына жауапты жетекшілер және Ведомствоаралық  үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасының басшысы Оралбеков Нұрлыбек Жанатұлы, Қоғамдық коммуникацияларды дамыту басқармасының басшысы  Сванбаева Акмарал Бегеновна, Мониторинг және талдау басқармасының басшысы Мастеков Бауыржан Каирбекович қатысты.

Отырысқа Қоғамдық жаңғырту департаменті директорының міндетін атқарушы Т.Тусупов төрағалық етті.

«Рухани  жаңғыру» бағдарламасын іске асыру қорытындылары бойынша «Үздік жобалар жинағын» әзірлеу туралы М. Абулова, «Ұлттық тәрбие» идеологиялық платформасы» жайында С. Иманбаева, А. Картаева, Р. Беген баяндама жасады.

Сондай-ақ, «Ruh   Vision» іс-шаралар кешені аясында өткен «Нео-фольклор» стиліндегі киім дизайнерлерінің байқауы туралы Р. Канапьянов пен Ж. Жиеналиев баяндады. Олардың айтуынша байқауға 10 аймақтан 45 студент және шет елден 6 қатысушы қатысты. 10 колледж студенті жеңімпаз атанды.

«Рухани  жаңғыру» бағдарламасын іске асыру қорытындылары бойынша талдамалық баяндама әзірлеу және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 5 жылдығына арналған конференция бойынша Е. Ремизова, Ж. Искакова, Г. Султангазы, М. Абулова қорытынды жасады.

Ал, «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде өтетін байқау мен дайындалған видеолар туралы жоба жетекшілері тоқталды.

«Кемел  Болашақ» орталығы» жобасы аясында барлық деңгейдегі әкім орынбасарлары үшін идеологтардың жазғы мектебі тамыз айының 22-26 аралығында ұйымдас жоба менеджері А. Картаева айтты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы құндылықтарын геймификациялау туралы Ж. Каменова және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын жобаларды ақпараттық ілгерілету жөніндегі қызметтер жайында А. Кулбатырова баяндама жасады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button