ЖаңалықРедакция таңдауы

Теңге туралы 5 дерек

  1. «Теңге» сөзінің шығу төркіні түріктің ұсақ күміс тиындарының атауынан шыққан. Яғни, «денге» немесе «танга». Олар орта ғасырларда қолданыста болған. Орыстардың деньга атты тиынының атауы (жарты копейка) осылай пайда болған деседі.
  2. Қағаз ақшалардың алғашқы партиясы шетелде яғни, Англияда басып шығарылды. Оларды елімізге жеткізу үшін 18 әуе рейсі қажет болған. Бірінші ұсақ ақшалар — тиындар номиналдары 1, 2, 5, 10, 20, 50 тиын күйінде жасалды. Алғашқы ұсақ тиындар Германияда соғылған. 1995 жылы Қазақстанда өзінің Банкноталық фабрикасы ашылды. Тиындар үш түрлі металдан жасалады: алтын, күміс және нейзильберден.
  3. ҚР Ұлттық банкі айналым ақшаларынан бөлек естелік және мерейтойлық тиындар мен бакноталар шығарады.
  4. Теңге – бетіндегі жазулары қос тілде жазылған әлемдегі жалғыз валюта.
  5. Қазақстандық банкноталар үш рет қатарынан әлемдегі ең үздік деп танылды: 2011 жылы — 10 мың теңгелік, 2012 жылы — 5 мың теңгелік, 2013 жылы — 1000 теңгелік купюра.

Басқа материалдар

Back to top button