ЖаңалықМақалаРедакция таңдауы

Дежавю: әр адамның басынан өткен сезім

Дежавю сезімі кез келген адамға таныс. Қандай да бір ортаға немесе жағдайға алғаш рет тап болғанда, осы уақыт оның өмірінде бұрын болғандай сезіледі.

Дежавюдің  негізгі 3 түрі бар:

  1. Дежавекю – бұрыннан бар тәжірибе
  2. Дежасенти – бұрыннан сезілген нәрсе
  3. Дежавизит – сіз осы немесе басқа жерге барғаныңызды сезіну

Біздің дежавю сезімін неліктен сезінетіндігіміз туралы көптеген теориялар бар. Кейбіреулер бұл миымыздың бізге әлі белгісіз процестері десе, басқалары параллель әлемде  осы жағдайды өтіп жатырмыз деп айтады.

Ғылыми факт – көпшілігіміз дежавюдың бар екеніне күмәнданбаймыз. Өйткені оны барлығы дерлік бастан өткерді. Сондықтан бұл құбылыс біздің беймәлім әлеміміздің тағы бір жұмбағы.

Жамевю – өзіне таныс ортада, жағдайда, таныс адамдардың арасында адам кенеттен осының бәрін өмірінде бірінші рет көріп тұрғандай сезіне бастайтын дежавюге кері сезім. Адамдардың шамамен 60% өмірінде кем дегенде бір рет жамевюды бастан өткерді. Жамевюдың жиі қайталануы психикалық бұзылуларды көрсетуі мүмкін.

Дежавю жайлы қызықты деректер:

  1. Адамның жасы ұлғайған сайын дежавю сезімін сезінуі төмендейді.
  2. Дежавюдың пайда болуының біртұтас теориясы әлі қалыптаспағандықтан, дежавю құбылысын зерттеуге ыңғайлы болу үшін оны 21 түрге бөледі.
  3. Бұл құбылысты ер адамдарға қарағанда әйел адамдар көп сезінеді.
  4. Дежавю туралы 40-тан астам теория реинкарнацияға немесе есте сақтау процестеріне негізделген.
  5. Дежавюды зерттеуде гипноз күшсіз. Зерттеушілер жүздеген тәжірибеден кейін осындай қорытындыға келді.
  6. Бес жастағы қыз дежавю сезімін бастан өткерген жер бетіндегі ең жас адам болды.

Басқа материалдар

Back to top button