ЖаңалықРедакция таңдауы

«Ортеке балалар көзімен» атты республикалық онлайн көркемсурет байқауы басталады

Мақсаты – балалардың шығармашылық жұмыстары арқылы Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау, жаңғырту және насихаттау, сондай-ақ балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Байқауға жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарының тәрбиеленушілері, балалар мен жастар ұйымдарының мүшелері қатыса алады.

Балалардың шығармашылық жұмыстары мен сауалнамасы 2022 жылғы 10 қыркүйек пен 25 қазан аралығында orteke_kz.2022@mail.ru  электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Толық ақпаратты, байқаудың ережелері мен қағидаларын ҚР Ұлттық музейінің сайтынан білуге болады. https://nmrk.kz/press/news/235/

Басқа материалдар

Back to top button