ЖаңалықРедакция таңдауы

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Биыл магистратураға түсу конкурсында грант жеңіп алған үміткерлердің тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Айта кетейік, 12 тамызда магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталды.
Магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы 16-20 тамыз аралығында өтті.
Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде берілді. Айта кетейік, өткен жылмен салыстырғанда оқуға түсушілер саны 7 мыңға артып, тестілеуге 43 мыңнан астам адам қатысты.
Жалпы 2022-2023 оқу жылына магистратура бойынша 13 мыңнан астам грант бөлінді.

Магистратураға түсуге 17 мың жас маман өтініш берді.

Гранттарды тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 50 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты.
«Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» және «Бизнес, басқару және құқық» бағыттары сұранысқа ие болды.
Конкурсқа құжат жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы дәстүрлі форматта және виртуалды комиссиялар арқылы онлайн қабылданды.
Гранттар тағайындау жөніндегі шешімді республикалық конкурстық комиссия қабылдады. Комиссия құрамына министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, БАҚ, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері кірді.

Барлық грант иегерлері 28 тамызға дейін ЖОО-ға құжаттарын тапсыруы тиіс.

Басқа материалдар

Back to top button