Жаңалық Мақала Редакция таңдауы

Балаға ертегі не үшін қажет?

  • Қиял мен логиканы дамытады

Баланың армандау, құрастыру, шығармашылық дамуына ықпал етеді. Ертегіде дауысты өзгерту, алдау, қорқу, жасыру жиі кездеседі. Оны бала ата-анасымен, достарымен ойнау кезінде қолдана алады.

  • Оқығанын, естігенін талқылайды

Бала сюжетті еске түсіріп қана қоймай, оқиғаның жалғасын жаза алады. Мысалы, түлкіні немесе қоянының үйін  әңгімелеп береді.

  • Кез-келген жағдайда қортынды жасайды

Логикалық ойлауды, оқиға арасындағы байланысты іздеп, қортындылайды.

  • Дүниетанымы кеңейеді

Әлем халықтары ертегілерінде әртүрлі ұлт өкілдерінің сәулеті, дәстүрі, табиғи жағдайы туралы  баяндалады. Жануарлар ертегісінде ит, мысық, түлкі, аю туралы айтып қана қоймай, әдеті, мінезі, тамақтандыру, қайда өмір сүру туралы біледі.

  • Есте сақтау қабілеті жақсарады

Бала жаңа ақпаратты оңай есте сақтайды. Сондықтан ата-ана баласының көбірек білуі үшін, әлем туралы әртүрлі сюжеті бар ертегімен қамтамсыз ету қажет.

  • Өмірдегі жағдайға дайын болады

Ертегіде қайғылы оқиғалар болады, өгей ата-ана бөтен баланы тәрбиелейді, жануарлар жарақат алады. Ол бала өмірінде кездесуі мүмкін, оны ересек адам түсіндіру қиын болғанымен, ертегі арқылы балада түсінік пайда болады, сюжеттері арқылы айқын көрінеді.

  • Өмірге бейімдейді

Күнделікті заттарды, әлемді, оқиғаларды дұрыс түсінеді. Қиын жағдайдан шығуды үйренеді. Жануарлар ертегісінде мәселенің стандартты шешімін бермейді, оны бала санасы шешу үшін арнайы құрастырылған.

  • Жақсылық пен жамандықты айырады

Бала үшін маңызды тақырыптар жомарттық, ашкөздік, жақсылық, жамандық, достық туралы түсінік пайда болады.

  • Бала демалады

Өзіне түсінікті сөздермен жазылған, қабылдауына оңай, қиялына тосқауыл болмайды.

  • Ата-анасымен қарым-қатынасы жақсарады

Ата-анасына жақын болуы, жанжалды тиімді шешу және бір-бірін жақсы түсінуге зор мүмкіндік.

 

Сәния Сүлеймен

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button