Жаңалық Редакция таңдауы

Әлемдегі ең танымал корпорациялар туралы 5 кітап

«Мен Walmart-ты қалай құрдым», Сэм Уолтон

Кітаптың авторы Сэм Уолтон — әлемдегі ең ірі бөлшек сауда желісі Walmart-тың негізін қалаушы. Ол қарапайым фермелердің отбасында дүниеге келіп, кішкентайынан еңбектену мен үнемдеуді үйренген. Кітабында ол Walmart-тың пайда болу тарихымен қатар, жалпы, заманауи супермаркеттегі сауданың қыр-сырымен бөліседі. Алғашында Walmart дүкендері 10 мың тұрғыны бар қалаларда салынатын. Басқа қаланың тұрғындары дүкеншіктердің ашылуын тағатсыздана күтті, соның арқасында атақ пайда болып, сатылымдар арта түсті. Бұның құпиясы Уолтонның сауда жүргізу саясатына тікелей қатысты еді: ол тауарларды бәсекелестерден бірнеше есе арзан бағаға сататын. Ол «үстеме баға қаншалықты аз болса, сатылым соншалықты көп болуы тиіс» деген ережені ұстанды.

 «Оған сезіміңізді құйыңыз: Starbucks қалай құрылды», Говард Шульц

Кітапта өзінің бұрынғы бизнесін сатып, 1987 жылы Сиэтлде кішігірім Starbucks компаниясын сатып алған Говард Шульцтің оқиғасы баянадалады. Автор компанияның алғашқы қадамдары, сәтсіздіктер, инвестициялар іздеу туралы оқырманға бүкпесіз айтып береді. Шульцтің айтуынша, сәтті бизнестің кілті — ең жақсы қызметкелерді іріктеп, оларға жауапкершілікті бөліп беру.

«Бақыт әкелу: Нөлден миллиардқа дейін», Тони Шей

Тони Шей — киім және аяқ-киім сату бойынша әлемдегі ең ірі Zappos.com онлайн-алаңының негізін қалаушы. Amazon бұл компанияны 1,2 млрд долларға сатып алған болатын. Автордың кәсіпкерлік оқиғасы өте қызық. Басында Тони құрт өсіретін фирма ашып, оны балықшыларға сатқан. Ол кезде оның жасы тоғызда ғана еді. Студент кезінде Гарвардтың кафесінде басқарушы болып жұмыс істеген. Тонидің ұсынуымен кафе пиццерия болып қайта ашылып, бұрынғыдан көбірек пайда түсіре бастаған.

Одан кейін Тони LinkExchange сервисін ойлап тауып, оны Microsoft-қа 265 млн долларға сатып жіберген.

«Google», Дэвид Вайз

Автор Google компаниясының пайда болу тарихы және оның негізін қалаушылар — Сергей Брин және Ларри Пейдж туралы әңгімелейді. Осы екі тұлғаның еңбегінің арқасында компания ерекше қарқынды дамып, әйгілі атанды.

Қарапайым екі студент Microsoft корпорациясына қалай бәсекелес болды? Гараждан шыққан компания нарықта қалай көшбасшы атанды? Компанияны неге 1 млн долларға сатпақшы болды? Ұжымдық мәдениет пен менеджменттегі ерекшеліктері қандай? Осы сияқты сұрақтардың жауабын кітаптан оқып білуге болады.

«Идея болса — IKEA бар», Ингвар Кампрад

IKEA — үйге арналған тауарларды тиімді бағаға сатумен айналысатын швед дүкендер желісі. Дүкендердің ерекшелігі — олардың дизайны үйдің іші сияқты, яғни, әр адам өзіне қажетті тауарды өзі іздеп тауып, тіпті, оны өзі құрастырады. Әр тауарға жеке инструкция бекітілген. Ингвар Кампрад IKEA үлгісі негізінде бизнесті қалай тиімді бастау және басқару керектігін түсіндіреді. Оқырман оның кітабында стратегиялық шешімдер, ұжымдағы қарым-қатынас, компанияның сәтсіздіктері туралы қызықты ақпарат ала алады.

«Ішінде Coca-Cola», Невил Исделл

Coca-Cola компаниясының бұрынғы бас директоры және директорлар кеңесінің төрағасы Невил Исделл өзінің кітабында Coca-Cola феноменін баяндайды.

2000 жылдардың орта шенінде компания күрт құлдырап, дағдарысқа ұшырады. Дәл осы қиын кезеңдегі өзінің іс әрекеттерін, шешімдерін Исделл оқырманға жасырмай айтады. Т

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button