Жаңалық Редакция таңдауы

Журналистер «Болашақ» арқылы шетелде тағылымдамадан қанша уақыт өтеді?

Журналистер «Болашақ» бағдарламасы арқылы тағылымдамадан шетелде өту үшін әлемге әйгілі ЖОО-ларды, ғылыми-зерттеу орталықтар мен ұйымдарды ұсына алады. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру басқармасының бас менеджері Гүлзат Асанбаева айтты.

Осы орайда ол тағылымдамадан өту үшін шетелдегі жоғары оқу орны мен ұйымдарды қалай таңдау керек екенін түсіндірді.

Тағылымдамадан конкурс жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізіміне кіретін шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының базасындағы шетелдік ұйымдарда, сондай-ақ әлемге танылған ғылыми-зерттеу орталықтарында, зерттеу науқандары шеңберінде ғылыми ұйымдарда, салалық ұйымдарда және өндірісте өте алады.

Оның айтуынша, Қазақстанда қызмет етіп жүрген тілшіні шетелдегі оқу орны тағылымдамадан өтуге шақыртса, әр шақыртуды Халықаралық бағдарламалар орталығы қарап шығады.

«Әр шақырту мен құжатты менеджерлер егжей-тегжейлі қарап шығады. Бұл тұрғыда жауапты екі күннің ішінде береміз», – деді орталық өкілі.

Оның сөзіне қарағанда, шетелде тағылымдамадан өтудің ең ұзақ мерзімі 12 ай, ал қысқа мерзімі бір ай болады.

Сондай-ақ тағылымдамадан өтетін стипендиаттар кепілге мүлік ұсынбайды. Міндеттемелерді орындау үшін екі гарант ұсыну ғана жеткілікті. Гарант ретінде соңғы 12 айда тұрақты табысы бар 50 жасқа дейінгі ҚР азаматтары бола алады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button