Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстан – ТМД бойынша такси бағасы ең қымбат ел

Такси қызметінің бағасы бір жылда 11% өскен. Бұл туралы Energyprom.kz сайты хабарлады.

«Қазақстан такси қызметі арзан елдердің ретингінде 105 елдіңішінде 13 орында тұр. Елдегі 1 шақырымға жеткізудің стандартты тарифі – 0,35 доллар», – деп жазылған ақпаратта.

Дегенмен, ТМД бойынша Қазақстан такси бағасы ең қымбат елдердің бірі болып есептеледі. Бұл көрсеткіш бойынша алда тек Әзербайжан тұр. Мұнда стандартты такси тарифі (1шақырымға) – 0,59 доллар. Беларусь пен Өзбекстанда такси тарифі 0,2 доллар, Украина мен Молдовада 0,22 доллар, Арменияда 0,25 доллар, Ресей Федерациясында 0,3 доллар.

Такси қызмет ең арзан елдердің тізімін Пәкістан (0,19 доллар) бастап тұр. Ал такси бағасы ең қымбат ел – Швейцария –4,02 доллар.

«Өңірлер арасында такси қызметіне Қарағанды облысы жиі жүгінген (1,08 млрд теңге). Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан (641,4 млн теңге) мен Алматы (431,2 млн теңге) тұрғындарытаксиқызметін жиі пайдаланған.

Шілденің қорытындысы бойынша, такси қызметінің бағасы бір жылда 10,5% қымбаттаған.Өңірлер арасында такси бағасы Түркістан облысында бір жылдың ішінде 28,2%, Алматы облысында 28,1%, Атырау облысында 19% қымбаттаған».

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button