Жаңалық Редакция таңдауы

«Zhasdaryn» байқауының жеңімпаздары марапатталды

26 тамыз күні «Zhasdaryn» бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауды «Казцинк» ЖШС қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастырды.

Байқау 25 маусым мен 8 тамыз аралығында өтті. Барлығы 176 қатысушы өтінім берді. Үздіктерді арнайы құрылған конкурстық комиссия мүшелері анықтады. Комиссия құрамында психолог, журналист, балалар арнасының өкілі, контент-менеджер, суретші, иллюстратор, мобилограф болды.

Байқау шарты бойынша қатысушылар әлеуметтік желілерде міндетті түрде жасын көрсете отырып, «Менің болашақ мамандығым» атты креативті бейнеролик жариялау қажет еді. Бейнеролик хронометражы – 1  минутқа дейін.

Әлеуметтік желіде жариялау кезінде жоба үшін арнайы ашылған zhasdaryn_baiqauy парақшасын белгілеу және #меніңарманым2022 және #zhasdaryn2022 хэштегтерін көрсету қажет. Қатысушылар бейнероликті өзінің немесе ата-анасының әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады.

Қатысушылар жас ерекшелігіне қарай 3 топқа бөлінді. Байқау жеңімпаздары атанған қатысушылар:

5-9 жас

  1. Нығметолла Тимур Серікұлы – 8 жас, бағдарламашы
  2. Жалғас Бекжарас Жандосұлы – 9 жас, спортшы

10-13 жас

  1. Дерксен Вадим Дмитриевич -11 жас, шахматшы
  2. Тұрлыбаев Данияр Бауржанұлы – 12 жас, суретші

14-18 жас

  1. Серохвостова Александра Дмитриевна – 14 жас, архитектор
  2. Уаликеев Дамир Азаматұлы – 15 жас, фермер

 

«Казцинк» ЖШС атынан алғысхат Лазарев Андрей Павлович пен Закирова Альфия Марксовнаға табысталды.

Үздік деп танылған қатысушылар ноутбуктер мен дипломдармен марапатталды.

Сондай-ақ іріктеуден өткен 6 қатысушы Нұр-Сұлтан қаласына шақырылды. Әр жеңімпаздың қатысуымен түсірілім өтіп, болашақ мамандықтарына байланысты бейнероликтер дайындалды.

Кеш соңында байқау жеңімпаздарының ата-аналары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button