Жаңалық Редакция таңдауы

2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасы мақұлданды

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасын таныстырды.

Е.К. Жамаубаев өз сөзінде 2023 жылға арналған бюджет кірістері 17,8 трлн. теңге деңгейінде болжанып отырғанын атап өтті.

Кірістер экономика өсімінің оң серпіні, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту және оны цифрландыру жөніндегі шаралар есебінен, сондай-ақ салық заңнамасына енгізілген өзгерістер есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Сондай-ақ, кірістер мен тапшылықты ескере отырып, 2023 жылға арналған шығыстар бойынша егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылды, олардың көлемі 2022 жылға қарағанда 2,2 трлн. теңге өсіммен және 21 трлн. теңгені құрайды.  

Бюджет параметрлері бюджет заңнамасында белгіленген кепілдендірілген трансферт, шығыстардың өсу қарқыны және бюджет тапшылығы жөніндегі қағидаларға сәйкес келеді.

Е.Жамаубаев мемлекеттің барлық міндеттемелерін уақытылы қаржыландыру және әлеуметтік сала мен экономиканың нақты секторында қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button