ЖаңалықМақалаРедакция таңдауы

P&G – әлемдегі ең ірі тұрмыстық тауар өндіруші

Procter & Gamble (P&G) – жаһандық нарықтағы алпауыт. Компания АҚШ-та жылына шамамен 5 млрд доллар сомаға жарнама шығаратын ең ірі жарнама беруші. Ал дүниежүзі бойынша жарнамаға 9 млрд $ жұмсайды. Жарнама шығындарынан басқа, P&G – әлемдегі ең ірі тұрмыстық тауар өндіруші. Сондай-ақ өнімдерінің жылдық сатылым көлемі 80 млрд доллардан астам және таза құны көптеген елдің жалпы ішкі өнімінен (ЖІӨ) асатын (кейде «нарықтық капиталдандыру» деп аталады) өте үлкен компания. P&G өнімдері 180-нен астам елде сатылады.

Географиялық жағынан 180 ел: Азия, Еуропа; Үндістан, Таяу Шығыс пен Африка; Латын Америкасы және Солтүстік Американың негізгі нарықтарына бөлінеді. Компания өнімдерін әлемдегі 7 миллиардтан астам адамның шамамен 5 миллиарды сатып алады.

P&G көптеген өнімін төрт салалық секторда ұйымдастырады: (1) бала, әйелдер мен отбасы күтімі; (2) сұлулық, шаш күтімі және жеке күтім; (3) маталар мен үй күтімі; (4) денсаулық және күтім. Шындығында, компания: «Біз P&G-дің ұйымдық құрылымын даму мүмкіндігіміздің бір бөлігіне айналдырдық. Бұл P&G өнімі сатылатын әрбір елде тұтынушылар және бөлшек сауда клиенттерімен табысты жұмыс істеуде жаһандық масштаб артықшылығы мен жергілікті талаптарға көңіл бөлуді қарастырады», – деп тұжырымдайды.

Жаһандық нарықтарға жақсы қызмет ету үшін P&G өзінің портфолиосынан жүзге жуық брендті қысқартып, қалған 80 брендке назар аударуды ұйғарды, бұл компания табысының 95 %-ын құрайды. Компанияның төрағасы, президенті және бас атқарушы директоры Alan «A.G.» Lafley: «Бұл басқару мен жүзеге асыру оңай, озық брендтер қалыптастырған қарапайым және күрделі компания болады», – деді. Сонымен қатар маркетинг өнімділігін арттыру мақсатында P&G өзінің маркетинг және жарнама агенттіктері тізімін алдыңғы үш жылмен салыстырғанда 50 %-ға дейін, шамамен 6 000 агенттіктен 3 000-ға қысқартты.

Ұйым көлемі мен өнім сұрыптамасының тереңдігі арқасында салалық жауапкершілік пен бизнес мүмкіндіктері пайда болады. P&G компаниясының («біздің жауапкершілігіміз – корпорацияның этикасы жоғары азаматы болу») мақсатты мәлімдемесінде: «Біз қазіргі уақытта және болашақ ұрпақ үшін әлемдегі тұтынушылардың өмірін жақсартатын жоғары сапа мен құнды бренд өнімдері мен қызметтерді ұсынамыз. Нәтижесінде тұтынушылар бізді озық сатылымдар, пайда мен құндылық қалыптастырғанымыз үшін сыйлайды, бұл адамдарымыздың, акционерлеріміздің, сондай-ақ өмір сүріп, қызмет етіп жатқан қоғамдастықтарымыздың дамуына мүмкіндік береді», – делінген.

P&G өнімдерінің сұрыптамасын оңтайландыруды жалғастыруда, барлық төрт салада жаһандық тұтынушыларға қол жеткізу механизмі ретінде ол Сату және Маркетинг операцияларына (СМО) баса назар аударады. P&G компаниясы СМО-ны ескі нарықтық даму ұйымдарының атын өзгертіп, өнеркәсіптің төрт секторының әрқайсысын қолдайтын «әр күн сайын, әр апта сайын дүкенде тамаша, табысты да тиімді сатылым, дистрибьюция, сөрелер, баға белгілеу және мерчандайзинг» құрылымынан жоғары санайды. СМО-да 140 ұлт өкілдерінен шыққан қызметкерлер бар. Сонымен қатар жұмысқа үміткерлердің 1 %-дан азы P&G-ден ұсыныстар алады. P&G архитектурасы (құрылым, адамдар, ынталандыру және бақылау, мәдениет, процестер) мықты.

Дереккөз: Antoine Gara, «Reckitt Benckiser Is Building a 21st Century Procter & Gamble», Forbes, February 10, 2017;

Leonie Roderick, «P&G On How It Cut Agencies by Almost 50 % to Optimize Its Marketing Spend», Marketing Week, November 21, 2016;

«Global Structure and Governance», www.pg.com, accessed March 29, 2017;

J. Neff, «Biggest Ad Spender P&G Has New North America Media Chief», Advertising Age, January 15, 2015;

«Around 100 Brands to Be Dropped by Procter and Gamble to Boost Sales», CincinnatiNews.net, August 1, 2014;

S. Ng, «P&G CEO Lafley Lays Groundwork for Exit», The Wall Street Journal, April 13, 2015.

Басқа материалдар

Back to top button