Жаңалық Редакция таңдауы

Қазбек Майгелдинов: Жолдауда қамтылған бағыттар елдегі саяси тұрақтылыққа кепіл болмақ

«Жолдауда жер телімдерін пайдалану, су ресурстарына байланысты мәселелер мен кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аударылды. Мұның нәтижесін қарапайым халық айтарлықтай сезінетін болады. Мәселен, ең төменгі жалақыны 70 мыңға дейін көбейту тапсырылды. Сонымен қатар, әйелдердің зейнетке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 жас етіп бекіту ұсынылды. Бұл өз кезегінде кез келген қазақстандыққа тікелей әсер ететін бастама деп айтуға болады.

Жалпы бүгінгі Жолдаудың басты тетігі – Әділетті Қазақстан. Әрбір қамтылған бағыт елдегі саяси тұрақтылықты сақтау үшін жасалып жатыр. Яғни, ішкі тұрақтылыққа кепіл болады деп ойлаймын. Сонымен бірге, атқарушы билік, Үкіметке де сын айтылды. Кез келген бастаманы жүзеге асырушы – ол Үкімет. Осыған сай, алдағы уақытта жергілікті басқарушы органдардың жұмысы оңтайландырылады».

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма Төрағасы Қазбек Майгелдиновтың «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігіне білдірген пікірінен

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button