ЖаңалықРедакция таңдауы

Әлемде 771 миллион ересек адам әріп танымайды

ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азуле білім беру саласындағы жұмысты жандандыруға шақырды, деп хабарлайды БҰҰ баспасөз қызметі.

«Бірлескен күш-жігердің арқасында біз бұл салада көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. 1979 жылы планетамыздағы адамдардың 68 пайызы ғана оқып, жаза білген. 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 86,7 пайызға дейін өсті. Айқын прогреске қарамастан, әлем бойынша 771 миллион ересек адам әлі де сауатын ашпаған. Оның 60 пайызы қыздар мен әйелдер»,- деді Одри Азулей.

ЮНЕСКО мәліметінше, пандемия салдарынан 24 миллионға жуық оқушы мектептер мен басқа оқу орындарына оралмауы мүмкін. Оның 11 миллионы қыздар мен жас әйелдер.

Басқа материалдар

Back to top button