Арнайы жобалар Редакция таңдауы

Қазақстанда Гиннестің жаңа рекорды тіркелді

Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында 6 қыркүйекте жаңа әлемдік рекорд орнатылды. Ең көпұлтты оркестр құрамында 51 елден 75 ұлттың өкілі болды.

Шара елордада өтетін Әлемдік дін көшбасшыларының съезі қарсаңында ұйымдастырылды. Рекордтың мәні бір сахнада ең көпұлтты музыка ұжымының басын қосу.

«Бейбітшілік сазы» атты жобаға 51 елден 75 ұлт өкілі қатысты. Ал рекордты Гиннестің әлемдік рекордтар кітабының төрешісі Jack Brockbank арнайы келіп, тіркеді.

«Жобаны қолға алған соң нәтиже шығаруға тырысасың. Әйтпесе, бастамай-ақ қою керек. Әрине, «Бейбітшілік сазы» физикалық тұрғыда да, моралдық тұрғыда да шығын қажет етті. Бірақ бізге тылсымнан көмек жеткендей әсерде болдық. Жастардың өмірге деген белсенді көзқарасы қуантты. Кастингіге 500-ден астам өтініш түскен болатын. Осы жобаға титтей де болсын үлесін қосқан әр адамға алғыс айтамын. Адам баласының өмірдегі маңызды миссияларының бірі қайырымдылық жасау деп білемін. Жобаға қатысқан әр адам бүгін сол миссиясын орындағандай», – дейді жобаны ұйымдастырған Дәуіт Шайхисламов.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button