ЖаңалықРедакция таңдауы

Қазақстан астық пен ұнды экспортқа шығарады

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев тиісті бұйрыққа қол қойды. Енді қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бидай мен ұнды шетелге шектеусіз сата алады.

Шектеулер 14 қыркүйектен бастап алынып тасталғаны атап өтілді.

Бұған дейін Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бидай мен ұн экспортына квота енгізу туралы шешім қабылданған еді.

Алайда, әлемдік нарықтағы жағдай тұрақтанғаннан кейін квоталауды алып тастау туралы шешім қабылданды.

«Бүгінгі күні республиканың барлық облысында  егін жинау жүріп жатыр. Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта елімізде 11,3 млн га астық жиналды – бұл жоспардың 69,8%.  12 ц/га орташа өнімділікте 13,5 млн тонна астық бастырылды (2021 жылы бұл уақытта орташа өнімділік 8,9 ц/га құраған болатын)», делінген ведомство хабарламасында.

Басқа материалдар

Back to top button