Жаңалық Редакция таңдауы

Президенттік жастар кадр резерві мүшелерімен кездесу

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастырумен «Жаңа Қазақстан: Қоғамдық дамудың қазақстандық моделі» атты Президенттік жастар кадр резерві мүшелерімен кездесу өтті.

Аталмыш шараның басты мақсаты – елдегі қоғамдық жаңғырту саласында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы пікір алмасып, тың идеялармен бөлісу.

​Басқосуға Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен республикалық сарапшылар қауымдастығының өкілдері, Президенттік жастар кадр резерві өкілдері және ҚҚДИ қызметкерлері қатысты.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық даму департаментінің Мониторинг және талдау басқармасының басшысы Бауыржан Мастековтың модераторлығымен өтті.

Жиынды Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық жаңғырту департаментінің директоры Бекзада Шаханова ашты.

«Негізгі біздің мақсатымыз қоғамдық сананы жаңғырту. Адам бойына  прагматизм, бәсекеге қабілеттілік, білімінің салтанат құруы, сананың ашықтығы секілді  негізгі бағыттар арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.  Яғни, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жаңа жаһандық заманға лайықтап синтездеу» – деп өз пікірін білдірді.

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Аманбек Төлепбергенов институт тарапынан қоғамдық сананы жаңғырту жұмыстары бойынша атқарылған бірқатар ауқымды шаралараға тоқталып өтіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы 5 жыл бойы халқымыздың игілігіне, еліміздің  рухани әлеуметтік, мәдени салаларына оң әсерін берген бастамалардың бірі болғандығын айтты.

Сондай-ақ институт қызметкерлері Жақсыбек Жиеналиев «Қоғамдық сананы жаңғыртудағы халықаралық тәжірибелер», Бауыржан Серікбаев Президентің Жолдауы аясындағы жүргізіліп отырған саяси реформаларға тоқталса, Рүстем Қанапиянов «Қазақ халқының өміріндегі прагматизмнің тарихы мен болашағы» тақырыптарында сөйлеп, мазмұнды ақпараттармен бөлісті.

Басқосу барысында шараға қатусышылар өз пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстар айтылды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button