ЖаңалықРедакция таңдауы

Елордамыздың символы – «Бәйтерек» монументіне биыл 20 жыл

Әр мемлекеттің өзіндік ерекше, ғажайып сәулет құрылысымен тамсандыратын символдары бар. Біздің бас қаламызда бой көтерген, сәулет өнерінің бірегей туындысы, еліміздің бас символы – Бәйтерек монументі.

Осыдан 20 жыл бұрын 2002 жылдың 29 тамызды Бірінші Президент Н. Ә. Назарбаевтың идеясымен салынған сәулет құрылысы өзінің тарихи тамырын сақтап, берік негізін нығыздайтын, болашаққа бағдар жасайтын монументтің мағынасы терең. Халқымыздың дүниетанымынан хабар беретін, ұлттық ерекшеліктеріне сай құрылған ғажайып ғимаратқа бүгінде Астанаға келген әрбір адам ат басын тірейді. Заманауи тілмен өрсек, «Бәйтерек» елордамыздың «визит картасына» айналды.

Бәйтеректің тамыры жер асты әлемін, ортасы жер әлемін, ал төбесі аспан әлемін білдіреді. Құрылымды жауып тұрған шыны шар, киелі Самұрық құсы басқан алтын жұмыртқаны бейнелейді. Жұмыртқаны жегісі келіп, ағаштың түбінде аш Айдаһар тығылып отырады. Көшпенді халықтар, жақсылық пен жамандықтың мәңгілік күресін, жыл мезгілдерінің ауысуын және күн мен түнді осылай бейнелеген.

Жерасты қабаттарында аквариум мен көркемсурет галереясы және дәмхана бар. Жылдамдығы жоғары лифттер арқылы, келушілер бақылау залына көтеріледі. Залдың ортасында 17 дін өкілінің қолтаңбасы басылған ағаш глобус және «Аялы Алақан» тұр. Оған қолыңызды қойсаңыз, кез келген тілек орындалады деген сенім бар. Бұл биіктіктен қала мен оның айналасы жақсы көрінеді.

Басқа материалдар

Back to top button