Жаңалық Редакция таңдауы

Республикалық балалар оқулары байқауының І кезеңі

Бүгін, 23 қыркүйек күні еліміздің барлық облыстары мен республикалық маңызы бар 3 қаласында «Республикалық балалар оқулары байқауының» бірінші кезеңі өтті.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Балалар жылы» аясында Республикалық балалар оқулары байқауын өткізуде.

Жобаның басты мақсаты – жас буынның кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін терең зерттеуге шақыру.

Байқауда 3-10 сыныптар оқушылары өзара сайысқа түсуде.  Оқушылар сыныбына қарай 4 топқа топтастырылып, әр топ берілген 2 кітап бойынша тапсырмалар орындады. І кезеңде үздік шыққан оқушылар қазан айында байқаудың екінші кезеңіне қатысады.

Байқаудың І кезеңі (аудандық/қалалық) 23 қыркүйекте өңірдегі аудан және қалаларда ұйымдастырылады.

Байқаудың ІІ кезеңі (облыстық) 14 қазанда кемінде 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қалаларда өткізіледі.

Байқаудың IІІ кезеңі (республикалық) 2 қараша өткізіледі. Нәтижесінде І, ІІ, ІІІ орын жүлдегерлері анықталып, дәрежелі диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button