Жаңалық Редакция таңдауы «Рухани жаңғыру» аймақтарда

Жас отбасыларға арналған «Өнеге» сайысы өтті

Сайысқа қатысушылар 3 тур бойынша бақ сынады. Алдымен отбасының құрылу тарихы туралы дайындап әкелген бейнероликтерін ұсына отырып, өздерін таныстырды. Шығармашылық өнерін көрсету бөлімінде әр отбасы сахнаға шығып ән айтып, би билеп, театрландырылған көріністер көрсетті. Қолөнер туындыларын жасау арқылы әр отбасының ынтымақ, бірлігі мен ұйымшылдығы көрінді. Қазылар алқасы өте ыждағаттылықпен, мұқият қарап, әділ бағалауға тырысты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша Ақсу қаласынан Жақсыбек отбасы және Тереңкөл ауданынан Ковчак отбасы қатысқандары үшін сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Арнайы номинацияларға ие болғандар: «Отбасылық құндылықтарды сақтаушылар» номинациясының жеңімпазы Ақтоғай ауданынан – Шапей Багдаулет пен жұбайы Арынова Сымбат ерекше көзге түсіп, көрермен ризашылығына ие болды.

Сондай-ақ, «Әулет» номинациясының жеңімпаздары Успен ауданынан – Кармазь отбасы;

«Іскер отбасы» номинациясына ие болған Шарбақты ауданынан – Иманбек Әл-Фараби мен жұбайы Асылхан Арайлым;

«Жас отбасы» номинациясының жеңімпазы Павлодар қаласынан -Гибадат Ризат пен жұбайы Есмагамбетова Наргуль;

«Шығармашыл отбасы» номинациясын жеңіп алған Железин ауданынан – Керимбеков Нұрдәулет пен жұбайы Сапар Мөлдір;

«Тату отбасы» номинациясының жеңімпазы Май ауданынан – Олжабай Нұржан мен жұбайы Молдир;

«Белсенді өмір салты» номинациясының иегерлері Ақтоғай ауданынан – Шарипов Темирлан мен жұбайы Куанова Данара;

«Еңбек адамы» номинациясының жеңімпазы Екібастұз өңірінен – Тулегенов Чингиз бен жұбайы Аяжан;

«Көрермен көзайымы» номинациясына ие болған Аққулы ауданынан – Мырзатай Бисұлтан мен жұбайы Шаяхметова Акмарал;

«Жүректер үндестігі» номинациясының жеңімпазы Павлодар ауданынан – Мүбарак Мақсат пен жұбайы Досумбекова Махаббат болды.

Жеңімпаздар Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының табыстауымен мерекелік дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button