Жаңалық Редакция таңдауы «Рухани жаңғыру» аймақтарда

Жуалының төрінде дүбірлеген айтыс өтті

Халық жазушысы және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай «Жай отынан жаратылған намысы» атты облыстық ақындар айтысы өтті.

Жамбыл облысының әр түкпірінен кілең мықты айтыскер ақындар жиналды.
От ауызды, орақ тілді сөз сүлейлері жергілікті жұрттың шөлін қандырып, рухани кеш сыйлады.

Айтыс – халық мұрасы. Міне, осы асыл қазынамыз бізге ұрпақтан-ұрпаққа сан ғасырлар бойы аманат ретінде ұласып, ұлттық болмысты жоғалтпай, өзгелерден ерекшелеп тұратын айна секілді.
Қазақ жанының айнасындай айтыс қилы тағдырлы, бөлекше болмысты қазақтың өзі сияқты, тарих жолында қысталаң-қыспақ пен дәуірлей өрлеудің түрлі кезеңдерін бастан өткергені мәлім.
Айтыс – ұлттық құндылығымыз. Ал, осы ұлттық құндылықты сақтап қалу үшін өткенді саралап бүгінгіні бағалап отыруымыз керек.

Айтыс нәтижесінде, Бас жүлдені Қанат Мырзахан иеленсе, I орынды Байзақ ауданынан келген жас ақын Дархан Әбдіманап қанжығасына салды.
II орынды Байзақ ауданынан Алтынкүл Қасымбекова және Тараз қаласынан Нұрлыбек Құрманов жеңіп алды.
III орынға Айтмұхамбет Исахов, Дидар Апбасов, Бақытбек Жұмабеков және Алина Айдаралы лайық деп танылды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button