Жаңалық Редакция таңдауы

Бүгін Google-дің туған күні

Google.com домендік есімі 1997 жылғы 15 қыркүйекте, ал Google Inc. компаниясы 1998 жылғы 4 қыркүйекте тіркелді. Алайда, 2005 жылдан бастап компанияның туған күні ресми түрде 27 қыркүйекте атап өтіледі.

Google компаниясы Ларри Пейдж бен Сергей Бриннің еңбегі нәтижесінде дүниеге келді. Стэнфорд университетінің аспиранты Сергей Брин 1997 жылы Ларри Пейдждге кампусты көрсетпек болады. Осылайша, олар танысып, келесі жылы жатақхана қабырғасында іздеу жүйесін құрады. Google атауы «гугол» сөзінен шыққан, бұл 100 нөлі бар санды білдіреді. Қазір компанияда 72 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Google-дің әлемдік іздеу жүйелері нарығындағы үлесі шамамен 90% құрайды. Сондай-ақ компания ең танымал 10 мобильді қосымшаның бесеуіне ие: YouTube, Google Play, Google Maps, Gmail және Google Search.

Атақты Google компаниясы туралы қызықты 5 дерек:

  1. Google-дің басты беті өте қарапайым деңгейде жасалған. Себебі, алғашқы құрастырушылар HTML тілін білмеген. Сондықтан, атақты компанияның басты беті әлі күнге қарапайымдылық деңгейінен ажырамай келеді.
  2. Егер компания қызметкері дүниеден өтсе, онда оның жақындары соңғы он жылдағы жалақысының жартысын алады. Бұл қызметкерге деген құрметті көрсетеді.
  3. Google комапниясының кампусында Рекс атты тироннозавр тұрады. Тироннозавр қаңқасы қызметкерлерге уақытты, қызметтің маңыздылығын ескертіп тұрады.
  4. Google компаниясында жеке сайттарының жатпланеталықтардың тіліне лайықталған нұсқасы бар.
  5. 2013 жылдың 19-тамызында компания өз жұмысын 5 минутқа тоқтату арқылы әлемдегі жалпы веб-жұмыстардың 40 пайызын істен шығарған.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button