Жаңалық Редакция таңдауы

Оралхан Бөкейдің арманы

Бүгін қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі, Алтайдың кербұғысы атанған Оралхан Бөкейдің туғанына 79 жыл.

«Адам армандай білуі керек, армандаса – соған қол жеткізеді. Мен жазушы болуды армандадым, жазушы болдым. Менің парталас досым Жеңіс ұшқыш болуды армандады, ол да ұшқыш болды. Адам армандай отырып, соның жолында күресе білуі керек. Бүкіл адамзат саған қарап тұрғандай, өз-өзіңді шексіз жауапкершілікте сезінгенде ғана ойлаған мақсатыңа жете аласың»,- деген екен Оралхан Бөкей.

Оралхан мектепте оқып жүрген кезінен-ақ өзінің журналист, жазушы болғысы келетінін  іркілмей айтқан. Мектеп бітіру кешінде жиылған ата-аналар мен мұғалімдер алдында: – Көкшетау асқан сұлу болса, одан шыққан ақын, жазушылар одан әрі сұлуландырды. Біздің Өр Алтайдың сұлулығы одан әсте кем емес. Бірақ оны жырға қосып, сұлулығын көрсететін ақын, жазушылар жоқ десек қателеспейміз. Мен Алтайдың сұлу табиғатын, сарқылмас байлығын танытуды мақсат етемін. Сондықтан да мен жазушы болуды армандаймын. Адам арманын алдына мақсат етіп қойса, оған жетуге тиісті. Мен де мақсатыма жетемін деп сенемін,- деген екен. Арманының алысқа жетелегіні де рас, жетелеп қана қоймай сол арманының шыңына шыққаны да рас.

Өзінің көңілінен шығатындай мықты кино шығару және Болат Аюхановпен бірге «Кербұғы» балетін қайта өмірге әкелу арманы еді. Ол балет «Алтын қордан» белгілі бір себептермен өшіріліп қалған екен.

Дереккөз: bokey.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button