Жаңалық Редакция таңдауы

Шерхан Мұртаза туралы 8 дерек

Бүгін - қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, кесек тұлғалы, қайсар мінезді наркескені, шындықтың шырақшысы атанған Шерхан Мұртазаның туған күні. Ол 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ мекенінде туған.

Назарларыңызға Шерхан Мұртаза туралы 8 қызық деректі ұсынамыз:

  1. Шерхан Мұртаза 6 жерде бас редактор болып қызмет атқарған.

1970 — 1972 жылы «Жазушы» баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және «Жалын» альманахының бас редакторы;

1972 — 1975 жылы «Жұлдыз» журналының бас редакторы;

1980 — 1989 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы;

1989 — 1992 жылы «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы;

1989 жылдан-«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің редакторы;

  1. Лениншіл газетіне бас редактор болып келгенде 30 мың таралыммен таралған газеттің оқырманын 150 мыңға жеткізген.
  2. Қазақстан ұлттық арнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасы Шерхан Мұртазаның идеясымен ашылған.
  3. Алғашқы «Құрылысшы Дәку» атты очерктер жинағы 26 жасында жарық көрді.
  4. Жазушының еңбектері ТМД және шет тілдеріне аударылған.
  5. Қаламгер Тұрар Рысқұлов жайында 5 кітап жазған. Тұрар Рысқұлов туралы көлемді туынды «Қызыл жебе» деп аталады. Ұлт қайраткері Тұрар Рысқұловтың тағдыры арқылы қазақ халқының басынан кешкен қилы-қилы кезеңдерін қамтиды. Сондықтан да бұл халықтың ықыласына ерекше бөленген шығарма.
  6. Бір қызығы Шерхан Мұртаза бастапқыда жазушы, журналист ретінде емес ақындығымен танылған.
  7. Төс белгілер және асықтар жинағанды жақсы көрген.

Дереккөз: Bugin.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button