ЖаңалықЗерттеуИнфографикаРедакция таңдауы

Жастар өз денсаулығына көңіл бөле ме?

Деректер «Қазақстан жастары» әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері бойынша дайындалған талдамалық баяндамадан алынды.

Жастар арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру БҰҰ Орнықты даму мақсаттарының бірі саналады және оны іске асыру жастардың белсенділігіне тікелей байланысты.

«Жастар» ҒЗО жүргізген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, денсаулық профилактикасы мәселелері жастар үшін маңызды екені анықталды. Мысалы, респонденттердің 44,8% жылына 1 рет профилактикалық тексеруден өтіп тұрады, 26,1% тексеруден жылына екі және одан көп рет өтсе, 10% ғана ешқашан профилактикалық тексеруден өтпеген.

Өз денсаулығының деңгейін бағалауға келсек, респонденттердің 72,3% өзін толық сау деп санайды, 13,1% артық салмаққа немесе көз жанары нашарлағанына байланысты проблемалары барын атап өтті, 11,7% асқынусыз созылмалы ауруға шалдыққан, тек 1,8%- ының созылмалы сырқаты бар.

Жастардың пікірінше, салауатты өмір салтын ұстанудың негізгі аспектісі – дұрыс тамақтану (44,5%). Бұдан кейінгі орындарда шылым шегу, алкоголь ішу, есірткі қолдану сияқты жаман әдеттерден бас тарту (27,5%), жүйелі түрде спортпен шұғылдану (22,2%) және гигиена сақтау (20,6%) тұр.

Басқа материалдар

Back to top button