Жаңалық Редакция таңдауы

Қай министр көп тіл біледі?

Қазір Қазақстанда 19 министрлік бар. Ranking.kz тілді меңгеру деңгейі бойынша Қазақстан министрлерінің рейтингін жасады.

Тілдерді білу көрсеткіші бойынша Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат көш бастады. Министр жеті тілде — қазақ, орыс, ағылшын, итальян, түрік, жапон және латын тілдерінде сөйлейді.

Екінші орында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, әрқайсысы бес тілде сөйлейді.

Үздік үштікті ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова түйіндейді. Олар төрт тілді біледі.

Қазақстандық 19 министрдің 12-сі ағылшын тілін біледі. Жалпы, ҚР-да ағылшын тілін меңгеру деңгейі өте төмен. EF EPI 2021 жылғы рейтингінде Қазақстан әлемдегі 112 елдің ішінде 96-орында. ҚР ағылшын тілін өте төмен деңгейде меңгерген елдер қатарына жатады.

ТМД елдері арасында ағылшын тілін орташа деңгейде меңгерген елдер қатарына Молдова, Беларусь, Украина және Ресей, ал деңгейі төмен елдер ретінде Армения мен Әзербайжан кіреді. ТМД-ның қалған елдері ағылшын тілін меңгерудің өте төмен деңгейін көрсетті. Олардың ішінде Өзбекстан Қазақстан Республикасынан жоғары, ал Қырғызстан мен Тәжікстан төмен болды.

Рейтингте Еуропа елдері көш бастап тұр — Нидерланды, Австрия және Дания. Соңғы орында – Йемен.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button