Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстанда жұмыспен қамту саласындағы онлайн супермаркет құрылады

Электрондық еңбек биржасы (ЭЕБ) базасында Бірыңғай цифрлық экожүйе немесе басқаша айтқанда, жұмыспен қамту саласындағы онлайн қызметтер супермаркеті құрылатын болады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Бұл экожүйе азаматтарды кәсіби жолында: мамандық таңдаудан бастап еңбек қатынастарын ресімдеуге дейін қолдап отырады.

Бүгінгі таңда ЭЕБ базасында жұмыспен қамту саласындағы болашақ супермаркеттің 6 негізгі құрамдас бөлігінің 5-еуі іске асырылды.

ЭЕБ негізгі элементі – бұл жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң Enbek.kz. Ол 205 жұмыспен қамту орталығынан, 44 жеке жұмыспен қамту агенттігінен және 5 онлайн жұмыспен қамту алаңынан бос орындарды шоғырландырады. Бұл алаңда азаматтар бағыттар, кәсіптер және дағдылар бойынша лайықты бос жұмыс орындарын, ал жұмыс берушілер – олардың талаптарына сәйкес келетін қызметкерлерді іздей алады.

Бұл ретте Армения, Беларусь, Қырғызстан мен Ресейдің ұлттық ақпараттық жүйелеріне қолжетімділігі бар «Шекарасыз жұмыс» бірыңғай іздеу жүйесінің арқасында тек Қазақстанда ғана емес, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде де жұмыс табуға болады.

«ЭЕБ арқылы жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді де оңай алу мүмкін болады. Өткен жылы 126 мың адам онлайн форматта жұмыссыз ретінде тіркелді. Платформа арқылы азаматтар жұмысынан айырылуға байланысты әлеуметтік төлем алуға, субсидияланған жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға, жұмыс күші тапшы аймақтарға қоныс аудару үшін өтініш бере алады. Биыл аталған көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ЭЕБ арқылы 314,2 мыңнан астам адам пайдаланды», – деп, атап көрсетті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғындықов.

Сондай-ақ ЭЕБ базасында халық үшін қажетті дағдылар бойынша Skills Enbek – маркетплейс курстарының онлайн оқыту платформасы жұмыс істейді. Оқыту барлық ниет білдірушілер үшін қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Бүгінгі таңда 157-ден астам курс орналастырылған, олардың 103-і тегін.

Бұл ретте 124 мыңға жуық адам белгілі бір курстан өтіп, тиісті дағдыларды игеру туралы сертификат алды. Бұл дағдылар бірыңғай цифрлық экожүйенің арқасында білім алушы-ізденуші тарапынан басы артық күш салусыз түйіндемені орналастыру және еңбек қатынастарын ресімдеу сервистерінде автоматты түрде көрсетілетін болады.

«Жұмыспен қамтудың цифрлық инфрақұрылымындағы тағы бір жаңалық HR Enbek платформасы – жалдамалы жұмысшылардың еңбек жолын цифрлық есепке алу алаңы болды. Бүгінде платформаны 272 мыңға жуық жұмыс беруші пайдаланады, бұл елдегі барлық жалдамалы қызметкерлердің 63%-ын қамтиды», – деп толықтырды сөзін Дәулет Арғындықов.

Порталдың көмегімен электронды еңбек шарттарын жасау мүмкіндігі бар, осылайша қызметкерлер автоматты түрде электронды еңбек кітапшасын да толтыра алады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияның арқасында басы артық құжаттар мен анықтамаларды жинамастан  жұмыскерлердің жеке істерін автоматты түрде қалыптастыруға болады.

Платформа бизнеске электронды кадрлық іс жүргізуді тиімді жүргізуге, қызметкерлерді жалдау кезінде шығындар мен деректерді бұрмалау тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жұмыс берушілер үшін еңбек заңнамасының талаптарын сақтауға анонимді өзін-өзі диагностикалау сервисі іске қосылды.

Сондай-ақ, жұмыспен қамтудың цифрлық экожүйесінің маңызды элементі Business Enbek платформасы болып табылады, ол бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар алудың: өтініш беруден бастап гранттың өзін алуға дейінгі барлық процестерін толық автоматтандыру үшін іске асырылған. Барлық құжаттама электрондық форматта ресімделеді. Қазіргі уақытта 12 мыңнан астам өтінім мақұлданды. Жыл соңына дейін барлығы 20 мың грант беру жоспарланып отыр.

«Сонымен қатар біз Цифрлық жұмыспен қамту орталықтарына көшуді жүзеге асырып жатырмыз, яғни жұмыспен қамту саласында бұрын офлайн форматта көрсетілетін барлық қызметтер цифрландырылатын болады. Ізденушілер кейс-менеджментті қолдана отырып, коммуникацияның барлық қолжетімді тәсілдерімен жеке кеңес және қолдау шараларын ала алады. Бұл халық үшін мемлекеттік қызметтердің барлық спектрінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Дәулет Арғындықов.

Келесі жылы тағы бір маңызды элемент – мамандықтар бойынша цифрлық жол сілтегішті іске қосу жоспарлануда. Ол еңбек нарығындағы барлық мамандықтар туралы ақпарат жиынтығының бір түрі болады, одан  әрбір ізденуші белгілі бір маманның не істейтінін, ол үшін қандай білім қажет екенін, орташа жалақы мөлшерін, еңбек нарығындағы осындай кадрларға деген қажеттілік туралы біле алады. Бұл мамандық пен одан әрі мансап таңдау алдында тұрғандарға көмектеседі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button