Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақтың тоқыма кілемдері қалай жіктелген?

Қазақ үйлерін кілем бұйымдарынсыз елестету қиын. Халықта былай дейді: үй жасауы – кілем; жайсаң – төсеніш, ілсең – сән. Кілем тоқу құпиялары ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған.

Кілем қалыңдық жасауының бір элементі болған, әсем де қымбат бағалы сыйлыққа жататын. Сондай-ақ түрлі сайыстардың жеңімпаздарына тарту еткен, тіпті кілем айырбас бұйымдарының қатарына да жатқан.

Түкті кілемдер жоғары бағаланатын. Осындай кілем тоқитындардың арасында Қызылорда және Шымкент аймақтарының тоқымашы әйелдері ісмерліктерімен атақтары шыққан.

Таңдаулы кілем бұйымдар халықаралық жәрмеңкелер мен көрмелерде жоғары бағаланған, ал ең әсемдері мен сирек кездесетіндерін Мәскеу, Петербург музейлері сатып алған.

Кілемдер бірқатар белгілері бойынша жіктеледі.

  1. Олардың бірі – дайындау техникасы бойынша – барлық тоқыма бұйымдар түкті және түксіз деп бөлінеді.

Парсы түкті кілемдердің отаны болып табылады. Қазақтардың түкті кілемін негізінен Оңтүстік, Жетісу өңірлерінде тоқыған және қазір де тоқылады. Түкті кілемдер «қалы кілем», «түкті кілем», жай ғана «кілем» деп аталған.

Түксіз тоқымашылық Сарыарқада, Батыс және Шығыс Қазақстанда таралған.

  1. Кілемдерді аймақ бойынша жіктеу: яғни, өндірілген жерлері бойынша – «жетісу», «торғай түрі». Белгілі бір руға байланысты: «қоңырат кілемі», «адай кілемі», «керей кілемі», «найман нұсқа».
  2. Кілемдер жасалған материалдары бойынша да бөлінеді. Шығыс кілемдері сияқты еуропалық түрге де жүн, мақта, зығыр, кендір түрлі комбинацияларда қолданылған. Қой жүні, түйе жүні немесе ешкі жүні пайдаланылған.

Дереккөз: «Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері»

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button