ЖаңалықРедакция таңдауы

Әлемдегі алғашқы веб-сайт қашан пайда болды?

Әлемдегі ең бірінші сайтты 1990 жылы мамырда Еуропалық ядролық зерттеулер орталығының (CERN) қызметкері Тимоти Джон Бернес-Ли және оның әріптесі Роберт Кайо құрастырды. Бұл сайттың домендік атауы info.cern.ch болды.

Ең бірінші сайттың интерфейсі өте қарапайым түрде жасалды. Бернес-Ли жасаған сайт тек мәтінмен болған, себебі ол компьютерлік графикамен жұмыс істеуді білмеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл мәтіндегі кейбір сөздер жақшаға жазылған реттік сандармен аяқталды: бұл гиперсілтемелер болған екен. Оларға өту үшін пернетақтадан 1-ден 45-ке дейін сәйкес сандарды енгізуді қажет еді. Ең төменгі жағында шақыру және пәрмен жолы бар жол болды (MS-DOS сияқты). Бұл сайт NeXT компьютері арқылы орналастырылды.

 

Басқа материалдар

Back to top button