Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстандағы ең төмен жалақы алатын мамандар

2022 жылдың екінші тоқсанында жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 287,1 мың теңгеге жетті. Бұл былтырмен салыстырғанда 22,9 пайызға көп, - деп хабарлайды Ranking.kz.

Биыл ең көп жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу мамандарына, сондай-ақ қаржы, сақтандыру қызметі салаларындағы қызметкерлерге төленген. Олардың айлық жалақысы 561,6 мың және 540,4 мың теңге.

Одан кейінгі орында – ақпарат және байланыс саласының қызметкерлері (378,9 мың теңге), кәсіби, ғылыми және техникалық сала мамандары (378,7 мың теңге), көлік және сақтау саласының мамандары (330,4 мың теңге).

Аз жалақы алатындар қатарында сумен жабдықтау, сондай-ақ қалдықтарды жинау, өңдеу және жою жөніндегі қызмет салаларының қызметкерлері (167,9 мың теңге), ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлері (171,1 мың теңге), сондай-ақ өнер, ойын-сауық және демалыс қызметкерлері (179,4 мың теңге) бар.

Өңірлер бойынша 2022 жылдың екінші тоқсанында Атырау және Маңғыстау облыстарындағы мұнай өндіру саласы қызметкерлерінің жалақысы ең жоғары: 471,9 мың және 414,8 мың теңге. Одан кейін Ұлытау облысында – 364 мың теңге, Астанада – 346,7 мың теңге және Алматыда 314,8 мың теңге.

Ең аз жалақы мөлшері Солтүстік Қазақстан облысында (212,1 мың теңге), Шымкентте (218,7 мың теңге) және Қостанай облысында (223,8 мың теңге) тіркелген.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button