Жаңалық Редакция таңдауы

Номофия: Телефонға тәуелділік дерт пе?

XXI ғасырды интернетсіз елестету мүмкін болмағандай, адамды смартфонсыз елестету қиын. Оның үстіне тренд пен бренд заманында бұл технологияның күн сайын жаңа түрі пайда болып, жұртты қызықтырып қоятыны тағы бар.

Уақытымызды да, жүйке жүйемізді де ұрлайтын электронды құрылғылардың пайда болуы, өмір ағысын өзгертті. Таң атқаннан қас қарайғанша смартфонымыз қолымыздан түспейтін жағдайға жеттік. Оған тәуелділік психологиялық дерт болып санала ма?

Номофобия – телефонға  тәуелділіктен шыққан қорқыныш. Бұл no mobile-phone phobia деген ағылшын сөзінен шыққан. Яғни телефонсыз қалудан қорқу. Ең алғаш рет аталған терминді Nomophobia is the fear of being out of mobile phone contact — and it’s the plague of our 24/7 age («Номофобия — телефонсыз қалудан қорқу, әрі ол біздің ғасырдың дерті) деген мақалада қолданған.

Психоневрологтар номофобияның бірнеше симптомы бар дейді. Егер осы белгілер сізде болса, демек телефонға тәуелділікке шалдыққаныңыз.

  • Телефоныңыздың қуаты азайса, бірден қобалжып, уайымдай бастайсыз;
  • Жаңа хат, хабарлама келмеді ме деп сәт сайын қарай бересіз;
  • Жаңалықтар лентасын қайта-қайта жаңартып, бұрын оқып тастаған болсаңыз да, жаңа хабарлама келмесе де тексере бересіз;
  • Хабар алмасуға арналған онлайн-платформаларда — мессенджер, әлеуметтік желіде үнемі қосулы отырасыз;
  • Гаджетті бұзып алудан қатты қорқасыз;

Басты бес белгісін айттық. Мұндай сезім бар болса, демек сізде мазасыздық та болатыны белгілі. Соның салдары жүйке жүйесіне де кері әсер етеді.

Ал осы ұялы телефон қалай пайда болды?

1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыштың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, оның есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.

Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр. Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм болған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button