Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстандағы танымал есімдер

Жаңа туған нәрестеге жарасымды, естір құлаққа жағымды ат қою әр ата-ананың аса жауапты міндеті саналады. Тіпті халқымыз әкенің 3 хақысының бірі балаға дұрыс ат қою деп есептеген.

Жақсы есім баланың болмысына, тұлға болып қалыптасуына тікелей әсер етері сөзсіз. Ғалымдардың пайымдауынша, баланы неғұрлым көркем есіммен атаған сайын тұла бойы да соған сай бейімделіп, көркемделе түседі екен.

Ұлттық статиска бюросының мәліметіне сүйенсек 2021 жылғы ең танымал есімдер тізімінде алғашқы орын ұлдардан Алихан мен қыздар арасында Медина есімінде. Одан кейін Айсұлтан мен Айлин.

Ал, 2022 жылдың қыркүйек айында ең жиі қойылған есімдерге келетін болсақ, 598 нәрестеге Медина, 281 ұл балаға Алихан есімі құжаттарына жазылған.

Сондай-ақ елімізде шығармашылық пен мәдениетке байланысты қойылған есімдер де бар. Мысалы: Мәдениет, Өнер, Білім, Достық, Өркениет, Тарих, Шабыт. Ал тарихи қалалармен байланысты қойылған есімдер қатарында: Тараз, Сауран, Сайран, Орал, Түркістан, Отырар, Сығанақ.

«Қазақстанда сирек кездесетін есімдер» деп Акперзент, Биллклинтон, Айтуган Астана Элизабет, Монтесеррат, Аллаh-Берді, Ясир-Арафат, Ұлбақыткелсін, Тәтті-Аруды айтса болады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button