Жаңалық Редакция таңдауы

Екі күнде тіл үйренген полиглотты білесіз бе?

Гарольд Уильямс – 50-ден аса тіл білген полиглот. Ол серб тілін 2 күнде меңгере алған. Дегенмен оның дарыны мен лингвистикалық қабілеті жайлы көп адамдар біле бермейді.

Гарольд Жаңа Зеландиядағы Окленд қаласында 1876 жылы 6 сәуірде дүниеге келген. Отбасындағы 7 ұлдың үлкені. Оның әкесі де сауатты адамдардың бірі болған. «Methodist Times» газетінде ұзақ уақыт редактор қызметін атқарады. Ол балаларының да сауатты болғанын қалаған.

Гарольдтың айтуы бойынша ол да өзге балалар секілді білім алуға қатты ұмтылмаған. Бірақ 7 жасынан бастап білім және тіл үйренуге деген құлшынысы оянады. Бірінші латын тілін, кейін өзге де тілдерді иегере бастайды.

Гарольд Уильямс үнемі қалтасында бар ақшаға өзге тілдегі газеттерді сатып алған. Орта мектепке түспей тұрып ол латын, грек, иврит, француз, неміс, испан, итальян, маори, самоан, тонган, фиджи және полинезий тілдерін білді. Полиглот шетелдіктер көп жүретін жерлерге баруды ұнатқан. Мысалы, кеме тоқтайтын айлаққа барып, экипаж құрамындағы адамдармен сөйлескен.

23 жасында Уильямс Еуропаға аттанды. Алдымен Берлинге барып, Берлин университетіне оқуға түседі. Бұл уақытта ол 20 тілді білген. Өзге студенттер секілді Гарольдтың да ақшасы болмады. Алайда ол мойымай, философия ғылымының докторы атағын алған. Академик болуды армандағанымен, полиглот журналистика саласында жұмыс істеді. Штутгард қаласында Гарольд өзінің болашақ әйелі Ариадна Тырковамен танысқан.

Арнайы тілші ретінде Гарольд Париж, Санк-Петербург, Стамбул қалаларында болған. Ол Ресейдің түрлі аймақтарын аралап, жергілікті халықпен еркін тіл табыса алды. Латын, фин, грузин, татар тілдерін білуі оған көп көмегін тигізген. Уильямс орыс тілінің грамматикасын кей орыс достарынан да артық білген.

Ресейдегі саяси жағдайға байланысты Гарольд пен Ариадна, алдымен Швейцарияға, кейін Стамбул арқылы Сербияға аттанды. Мұнда ол серб тілін 2 күнде үйреніп, халықты таң қалдырған. Осыдан кейін жапон, тагаль, венгер, чех, египет, хет және албан тілдерін игерген.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button