Жаңалық Редакция таңдауы

Бүгін Астанада ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтеді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы төрағалығы шеңберінде елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен ТМД мемлекеттері басшыларының саммиті өтеді.

Шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан басшылары, сондай-ақ атқару комитетінің төрағасы – ТМД атқарушы хатшысы қатысады деп күтіліп отыр.

«ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі – достастықтың жоғары органы, онда ұйым қызметінің негізгі мәселелері талқыланады және шешіледі. ТМД саммиті Қазақстанның осы ұйымға төрағалық етуі аясындағы басты оқиғалардың бірі болмақ. Бұл маңызды шараға пандемиядан кейінгі кезеңде алғаш рет офлайн режимде ТМД құрамындағы бүкіл мемлекеттердің басшылары қатысады», – деген еді ҚР Сыртқы стер мнистрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button