Жаңалық Редакция таңдауы

30 оқушы арнайы стипендияға ие болды

Алматыда «Арманыңды іске асыр» бағдарламасы аясында дарынды оқушылар мен студенттер марапатталды.

«Арманыңды іске асыр» бағдарламасы – жас таланттарды қолдауға, Қазақстандағы оқушы жастарды барынша шығармашылық жағынан дамытуға және көтермелеуге бағытталған арнайы стипендиялық бағдарлама.

Стипендияны 15-25 жас аралығындағы 30 қазақстандық мектеп және колледж оқушылары, студенттер мен магистранттар алды.

Жобаның бастамашылары мен ұйымдастырушылары – Қазақстанның корей қауымдастығы, сондай-ақ Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасының бірқатар компаниялары мен жеке тұлғалары.

«Біз қоғам мен бизнес жастардың аяғынан нық тұрып, өмірде өзін-өзі тануына көмектесу үшін қолдарынан келген көмегін аямауы керек деп санаймыз. Жас таланттарымыздың ең батыл армандарының, ең өршіл жоспарларының орындалғанын қалаймыз. Бүгінде жастарды қолдау өте маңызды. Бұл зияткер ұлтты қалыптастыру үшін ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның көпұлтты халқының ұйымдасуы мен бірлігі үшін де жұмыс істейді», – деп атап өтті Қазақстанның корейлер қауымдастығы төрағасының орынбасары, «Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті Андрей Шин.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button