Жаңалық Редакция таңдауы

«Voice of Turan-2022» халықаралық қазақ әндері байқауы басталды

2022 жылдың 19-20 қазан күндері Түркістан қаласында «Voice of Turan-2022» халықаралық қазақ әндері байқауы өтеді.

Байқау қазақ музыкасын, қазақстандық авторлардың үздік шығармаларын, қазақ тілін насихаттауды, музыкалық шығармалар арқылы әлемге қазақ халқының музыка мәдениетінің сан алуандылығын, музыкалық ерекшеліктерді көрсетуді мақсат етеді.

Байқауда Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Әзірбайжан, Польша, Черногория, Беларусь, Молдова, Грузия, Сербия, Қарашай-Шеркес республикасы, Бурятия, Македония, Болгариядан 18-35 жас аралығындағы үлкен концерттік қойылымдарда тәжірибесі бар, республикалық, ұлттық, және халықаралық ән байқауларында жетістікке жеткен орындаушылар бақ сынасады.

Байқаудың алғашқы күні қатысушылар Медеу Арынбаев, Маржан Арапбаева, Нұржамал Үсенбаева, Жанар Дугалова сынды қазақстандық танымал эстрада әншілерімен бірге қазақ әндерін шырқады.

Фестиваль идеяларын танымал етуге ықпал ететін шығармашылық интеллигенция өкілдері, танымал орындаушылар, композиторлар мен продюсерлерден тұратын қазылар алқасы күні ертең «Voice of Turan-2022» байқауының жеңімпазын анықтамақ.

«Voice of Turan-2022» халықаралық  қазақ әндері  байқауы Түркістан облысы әкімдігінің мәдениет басқарамасының ұйымдастырумен өткізіліп отыр.

Еске сала кетейік, «Voice of Turan-2022» халықаралық  қазақ әндері  байқауы 2020-2021 жылдары онлайн форматта өткен еді.

Байқаудың алғашқы күнінің фотоқоры

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button