Жаңалық Редакция таңдауы

Жаңаөзенде ауқымды жобалар іске асырылуда

«Баршаға мүмкіндік» қоғамдық қорының бастамасымен, Жаңаөзен қаласы кәсіпкерлер қауымдастығы, спорт мекемелері мен жаттықтырушылар бірлестігі, қала әкімдігі қолдауымен Жаңаөзен қаласында «Әділетті қоғам – Баршаға мүмкіндік» ұраны аясында арнайы жобалар бастады.

«Баршаға мүмкіндік» қоғамдық қоры Жаңаөзен қаласында 2022 жылдың маусым айынан бастап қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға кірісті. Қор қала ішінде түрлі салалар бойынша жиналған бірнеше мәселені шешуді көздейді. Атап айтқанда, ауыз су мәселесі, кәсіпкерлік пен бұқаралық спортты дамыту және қала тұрғындарына арналған мәдени-қоғамдық шаралар ұйымдастыру.

«Жаңаөзен қаласы еліміздің батысындағы халқы тығыз орналасқан бірден-бір қала. Қала халқының әлеуеті талай керемет жобаларды жүзеге асыра алатынына және қаламыздың өркендеуіне тұрғын ретінде, кәсіпкер ретінде үлес қосу азаматтық борыш деп санаймын» – дейді кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі, «Әділетті қоғам – Баршаға мүмкіндік» ұраны аясындағы жобалардың ұйымдастырушысы, Korkem Alem компаниясының басшысы Темір Сәкенұлы.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button