ЖаңалықРедакция таңдауы

Қазақ қызы Қытайдың мемлекеттік сыйлығын алды

Қытайлық белгілі өнер жұлдызы Риза Әлімжанқызы Flying Apsaras сыйлығын алды. Бұл туралы Қытайдың The Paper ақпарат агенттігі жазды.

Биыл 33-рет үлестіріліп отырған Flying Apsaras сыйлығы – Қытайдың телеөнер саласындағы ең жоғары мемлекеттік марапат. Риза Әлімжанқызы «Minning Town» телехикаясындағы рөлі үшін «Үздік актриса» номинациясының иегері атанды.

«Minning Town» телехикаясы өткен жылы қаңтар айында Қытайдағы көрермені ең көп бес телеарнада қатар көрсетіліп, жұрт өте жоғары бағалаған еді. Оған Қытайдың Нинся дүнген автономиялық регионының Сихайгу аймағындағы ауыл тұрғындарының кедейлікпен күресі арқау болады. Телехикаяда Риза қазымыр әкенің қатал үкіміне мойынсынбай, тағдырын өз қолына алған қайсар қыз Ли Шуйхуаның бейнесін сомдап, актерлік шеберлігімен көрермендерді тәнті етеді.

«Мен бақытты һәм талайлы жан екенмін. Қазылар алқасына, еңбегімді бағалаған көрермендерге мың алғыс. Өздеріңізге ана тілімде алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер, рақмет!», –  деді Риза Әлімжанқызы марапаттау рәсімінде.

Басқа материалдар

Back to top button