МақалаРедакция таңдауы

Ең белгілі жылқы тұқымдары (фотодерек)

«Ең, ең жылқылар» туралы тарқатайық. Мархабат!

Аңыздар мен әпсаналар бізге пегас пен пырақты насихаттап бақты. Адам жылқыны қолға үйреткенде оның әдемілігі мен паңдығына ғана емес, күшіне баса назар аударғаны мәлім. Әуелгі жылқыны қолға үйреткен кезден осы кезге дейін адам мен ат бірлесе келе адам сенгісіз өркениетке келді. Қазір жылқы күші үшін де, паңдығы мен пайдасы үшін де, әдемілігі мен әсемдігі үшін де пайдаланылады.

30. Аппалуза жылқысы 

АҚШ-тағы Не-персе үндістер тайпасы шығарған бұл әдемі жылқы тұқымы өзінің қабылан дақтарымен танымал. Сонымен қатар, бұл дақтар басқа да сүйкімді жылқылардағы сияқты тек түгінде ғана емес, терісінде де, дененің кейбір бөліктерінде де, танауы, көз бен жамбас маңайындағы жерлерінде де бар.

29. Андалуз жылқысы

Бұл жылқыларды таза тұқымды испан патшалық жылқысы немесе Pura Raza Espanola деп аталады. Испан ақсүйектерінің сүйікті аттарының айтарлықтай ерекшеліктері де бар. Оларды басқа тұқымнан даралап тұратын – әдемі де сәнді құйрығы мен жалы. Испан патшалық аттарын өздері өте жоғары ұстайтын мойынынан білу оңай, ол осы әдемі жануарларға ерекше паңдық береді.

28. Кнабструппер жылқысы 

Тағы бір әдемі және ерекше жылқының бұл тұқымында да дақтардың әртүрлі вариациялары бар. Қабылан және мәрмәр, чепрачь және форель түстес кнабструпперлер де жиі кездесіп тұрады. Бұл тұқым өзінің дақтарымен аппалуз аттарына ұқсас, алайда Кнабструпперлер АҚШ-та емес, Данияда шығарылды.

Және Аппалузаға қарағанда, дақтар дененің бір бөлігімен шектелген. Ал Дат жүйріктерінің барлық жерінде дақтары бар. Сонымен қатар, кнабструппер тұқымды жылқының жуастығы мен әсемдігі оның ат спорты мен цирктерде ғана пайдаланылуына сеп болды.

27. Тинкер. Сыған жегіс аты

Ең әдемі жылқылардың бірі Англия мен Ирландияға саяхат жасаған сығандар шығарған тинкер жылқылары болды. Бұл күшті, қарапайым және флегматикалық жануарлардың, әдетте, аяқтарының төменгі жағында сәнді шаш бумалары болатын. Осы бумалар оларға өте сүйкімді көрініс береді. Сыған аттары әлі де Британдық армияның атты жасағында пайдаланылады.

26. Шварцвальд жылқысы 

Аты айтып тұрғандай бұл жылқылар Германияның Шварцвальд немесе «Қара орман» облысында шығарылған. Күшті, асыл тұқымды жылқылар қайбір кезеңдерде неміс ағаш кесушілеріне үлкен бөренелерді тасуға көмектесті.

25. Марвар жылқысы 

«Мен сізді мұқият тыңдаймын», – дейді марвар жылқысы. Бұл тұқымның ерекшелігі –  құлақтың ішке иілген ұштары. Осы сұлу пырақтарды ұзақ уақыт бойы елден тыс жерлерге әкетуге тыйым салынды, алайда 2008 жылдан бастап Үнді үкіметі жеңілдік жасап, аз мөлшерде марвар тұқымды жылқыларды шетелге шығаруға рұқсат беретін визалар жасады.

24. Норвегиялық фьорд жылқысы

Понилер класынан саналатын бұл тұқым батыс Норвегияның тауларында өсіріледі. Фьорд жылқылары өспей қалғанына қарамастан өте күшті. Олар викингтердің жауынгерлік серіктері болды деп есептеледі. Олар ер астында да, жекпе жылқылары есебінде де бірдей пайдаланылады. Осы «сары жылқының» сүйкімділігі мен достық сипаты оларды иппотерапияға және балалар ат-спорт мектептерінде белсенді қатыстыруға мүмкіндік береді.

23. Фриз жылқысы

Әлемдегі ең әдемі жануарлардың бірі. Оның көлемді өлшеміне қарамастан, өте талғампаз көрінеді. Оның өте күшті, бұлшықетті денесінде әдемі және қалың жал-құйрығы, сондай-ақ аяқтың төменгі жағындағы қалың бумалары (фриздері) бар. Бұл тұқымның ең әдемісі Пруссия королі құрметіне «Ұлы Фридрих» деп аталады. Оның толық қара түсі үшін қалың жұрт фриздік жылқысын «қара маржан» лақап атына лайық деп есептеді.

22. Хафлингер

 

Бұл кішкентай «күн жылқылары» әдемі алтын түсті болып келеді. Күшті денелі болатын бұл жануарлар өте ауыр жүктерді таси алады. Олар өте шыдамды болып келеді және қиыр тау жолдарымен ұзақ саяхат жасай алады. Сәнді ақ жалдары және әдемі құйрықтары өте әсерлі көрінеді де онша әдемі емес тұқымдастары арасынан хафлингер тұқымының аттарын бірден даралап тұрады.

21. Ганноверлік жылқы

Еуропадағы ең көп таралған жартылай таза қанды тұқым. Тұқым өкілдерін Олимпиада ойындары мен басқа да ат спорты жарыстарынан көруге болады. Ганновер – цирк пен серуенге, спорт пен аң саяхатқа арналған талғампаз, әлді және күшті тұқым. Ганновер құлындары осы тұқымға жататынын көрсету үшін арнайы белгімен таңбаланады.

20. Араб аттары 

Таза қанды араб жүйріктері – Шығыстағы жылқы малының ең көне және асыл тұқымдарының бірі. Аңыздардың бірі бойынша олар желден жаратылған. Араб аттары ұзын иілген мойынды болып келіп, ұзын тік жармамен және жоғары көтерілген құйрықпен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, ақылды және жігерлі жануарлар ретінде белгілі. Көптеген заманауи тұқымды жылқылардың негізгі шығу тегінің бірі – араб жылқысы.

19. Мустанг 

Мустангты жиі жабайы жылқылар деп атайды. Бірақ олардың ата-бабалары – үй жылқылары болғандықтан, олар жабайыланған үй жылқылары ретінде жіктеледі. Бұл паң пырақтар ыстыққанды, жылдам және өте төзімді. Олар туралы кітаптар жазылып, фильмдер мен мультфильмдер түсірілген. Мысалы: «Всадник без головы», «Мустанг-иноходец» әңгімелері және «Спирит: Душа прерий» анимациялық фильмі.

18. Орлов жылқысы 

Ресейлік жылқы шаруашылығының мақтанышы Александр Орловтың құрметіне аталған. Ол ең жақсы жылқылардың осы тұқымын алу үшін бірнеше тұқымдардан, соның ішінде араб, голланд және Дат тұқымдарынан іріктеу жұмыстарын жүргізді. Орлов тұқымы төзімді, әсем, өте ақылды және әмбебап болып келеді. Олар тұқым қуалайтын тұрақты желістерімен ерекшеленеді.

17. Дон жылқысы 

18 ғасырда Дон казактарымен шығарылды. Тұқым шығару барысында дала жылқысы мен Түркмен, Персия, Түрік айғырлары шатыстырылды. Жұқа және ұзын аяқты дончактар олардың шетелдік тұқымдастары сияқты сәнді жалдарымен немесе фризалармен мақтана алмайды. Алайда, шабысы бойынша олар басқа тұқымдардың көпшілігіне шаң қаптырады.

16. Орыс жылқысы (Орлово-Ростопчинская) 

Әлемнің ең әдемі аттарының бірін фото мен видеобейнесіне қарап, олардың әсем түр-тұрпатына байланысты араб сәйгүліктерімен шатастыруға болады. Осы ірі де паң жануарлардың бойында Араб жылқысының қаны, ағылшын (таза қанды мініс аттары), тракен және ахалтеке қаны бар. Сондай-ақ тамаша желісімен, жорғалығымен ерекшеленетін орыс мініс аты барлық ата-бабаларының ең жақсы қасиеттерін бойына жинады.

15. Терск жылқысы 

Жас ресейлік тұқымдардың бірі 1948 жылы ғана ресми мойындалды. Терск аттары араб сәйгүліктеріне ұқсас, алайда терс аттары ұзын және ірі. Әдемі күміс құймасы бар ашық-сұр түстілігі, жүрісінің бірқалыпты болуы, әдемі бітім мен ерекше мейірім – Терск тұқымына тән ерекшеліктер.

14. Першерон жылқысы 

Қуаттылығымен, жылдамдығымен ерекшеленетін Француз жылқысының тұқымы. Першеронда атпен серуендеу – ерекше рақатқа бөлейді, өйткені бұл әдемі кемелер өте жұмсақ жүрісті болып келеді.

Қызықты факт: Париж Диснейлендіндегі жылқылардың көпшілігі першерондар.

13. Фалабелла 

Әлемдегі ең кішкентай және ең сүйкімді жылқылар. Бұл тұқым Аргентинада шығарылды. Ұзақ жылдарын шағын аттарды өсіруге арнаған Фалабелла отбасының құрметіне аталған. Әрине, мұндай атпен жүру мүмкін емес (тұқымның ең ірі өкілінің өсуі тек 75 см-ге жетеді, салмағы – 60 кг). Фалабелла үй жануарлары мен сәндік жылқылар ретінде пайдаланылады, олар оңай үйретіледі, мойынсұнғыш және ойынқұмар.

12. Исландиялық жылқы 

Исландиялық жылқы пони сияқты, бірақ бұл кіші түрге жатпайды. Бұл кішкентай жылқы әдемі және ұзын жалымен, жуас мінезімен ерекшеленеді. Біздің дәуіріміздің 9-10 ғасырларында исландиялық жылқы Викинг аралына әкелінді. Ал драккарларда орын аз болғандықтан, баса назар тек шағын, «жинақы» жануарларға аударылды. Исландия заңы бойынша басқа елге барған исландиялық жылқы қайтып орала алмайды. Бұл аурудың алдын алу үшін жасалған шаралар болса керек.

11. Миссури фокстроттері

Миссури штатында шыққан жылқы тұқымы. Ол бұлшықетті денесімен, күшті болмысымен және жайлы жүрісімен жағымды сипатталады.  Желісі мен жорғасы көп мақталатын тұқым да осы.

10. Морган жылқысы 

Құрама Штаттарда шыққан ең көне жылқы тұқымдарының бірі. Оның өкілдері жүрістің әртүрлі түрлерін оңай үйрене алатынымен бағаланады. Морган жылқысында мойны әдемі иілген және басы шағын да ұқыпты болып келеді. Сондай-ақ жоғары көтерілген құйрығы мен бұлшықетті жинақы денесі де бұл арғымақтарға аса тартымды тұрпат береді. Бұл мастаның бірінші өкілінің аты «Фигура» деп аталды, ол Джастин Морган есімді адамға тиесілі болғандықтан, тұқымға оның атын берді.

9. Шотландық салқынқанды жылқы (Клейдесдаль) 

Бұл ұлықты жылқылардың аяқтарының төменгі жағында қалың ақ түктері бар, ол шабыс кезінде әдемі көрінеді. Әсіресе, Клейдесдальдың жабумен шапқанын тамашалау – өз алдына бөлек көрініс.

8. Oldenburg жылқысы 

Бастапқыда бұл тұқымды өте әдемі деп атауға болмайды, өйткені ол ауыл шаруашылығы жұмыстары үшін шығарылды және тұқым қалыптастырушылар сыртқы сапа емес, күш пен төзімділікті жоғары бағалады. Алайда, уақыт өте келе Ольденбург жылқылары талғампаз болып алды да қазіргі кезде кез-келген ат қораның әшекейі бола алатындай деңгейге жетті.

7. Андравид жылқысы 

Үлкен, қуатты андравидтер ертеден Грецияда өсірілді, бірақ бұл тұқымның шығу тегі бірнеше жергілікті «жылқы ресурстарын» есепке ала отырып, құпия болып қалған. Андравид жылқылары грек армиясында, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жұмыстарына кеңінен қолданылды. Бүгінгі күні тұқым өкілдері ат спорты мен ат туризміне қатысады.

6. Менорк жылқысы 

Менорка аралы баласының құрметіне қою қара түн түстес айғырдың арғып тұрған мүсінін соқса жарасар еді-ау. Осы паң мінезді, әсем жануарларды ешқашан ауыл шаруашылығы еңбегі үшін пайдаланбады, бұндай қара жұмыстарды олардың орнына Балеар есектері орындады.

5. Ағылшын-норманд жылқысы 

Күшті, әлді, таза қанды және жартылай қанды ағылшын өзінің әмбебаптылығымен ерек. Олар мініске де, жегіске де шыдамды, жүк тасу үшін де таптырмас тарпаңдар болып есептеледі.

4. Таза қанды мініс аты 

Бұл қылқұйрық Англияда шығарылды. Бастапқыда «ағылшын сәйгүліктері» деп аталды. Олардың жүйріктігі туралы ат жүгіртумен әуестенетін жұрт жарыса айтысады. Бұл тұқым үшін минутына 1 километр жылдамдықпен шабу қалыпты көрсеткіш болып саналады.

3. Американдық пейнтхорс 

American Paint Horse ағылшын тілінен «американдық боялған жылқы» деп аударылады. Шынында да, егер фотосуретке ең әдемі аттардың бірін қарасақ, оларды табиғат өте сәнді қылып бояды деп ойлауға болады. Американдық пейтхорстың ерекше ерекшелігі – кез келген түрдің жарнама нұсқасы бола алатындығы.

2. Коннемар понилері

Пониге қатысы бар жылқылардың ең көп таралғаны осыдар. Сондай-ақ, Ирландияның жалғыз ұлттық сипаттағы таралған тұқымы. Аңыз бойынша коннемар понилері – 1588 жылы Коннемараның жағалауына батқан испандық жеңілмес армада тасымалдаған жылқылардың және жергілікті жабайы понилердің шатысы. Коннемардың ұзын, қалың құйрығы мен жұмсақ, жылтыр жалдары ерекше әдемі.

1.     Ахалтеке жылқысы

Әлемдегі ең әдемі жылқылар өзінің ерекше және жылтыр түсіне байланысты «Алтын жылқылар» ретінде белгілі. 5 мың жыл бойы ахалтекелер басқа тұқымдармен шатыспаған және әлі күнге дейін мініс жылқысының эталоны болып табылады. Жүннің металлдай жылтырлығынан басқа, бұл жылқы тұқымы өзінің ақыл-ойымен, жылдамдығы мен төзімділігімен, сондай-ақ кез келген ауа райына бейімделу қабілеттілігімен белгілі.

Ахалтеке жылқысы – Түркіменстанның мақтанышы. Тіпті осы елдің мемлекеттік елтаңбасында да бедерленген.

Сұлтан Мұстафин, Ruh.kz 

Басқа материалдар

Back to top button