ЖаңалықМақалаРедакция таңдауы

Теңге туралы 5 дерек

15 қараша – Қазақстанның ұлттық валюта күні. Теңге осыдан 28 жыл бұрын, 1993 жылы айналымға енгізілді.

  1. «Теңге» сөзінің төркіні түріктің  «денге» немесе «танга»ұсақ күміс тиындарының атауынан шыққан. Олар орта ғасырларда қолданыста болған. Орыстардың деньга атты тиынының атауы (жарты копейка) осылай пайда болған деседі.
  2. Қағаз ақшалардың алғашқы партиясы шетелде яғни, Англияда басылып шықты. Оларды елімізге жеткізу үшін 18 әуе рейсі қажет болған. Бірінші ұсақ ақшалар — тиындар номиналдары 1, 2, 5, 10, 20, 50 тиын күйінде жасалды. Алғашқы ұсақ тиындар Германияда соғылған. 1995 жылы Қазақстанда өзінің Банкноталық фабрикасы ашылды. Тиындар үш түрлі металдан жасалады: алтын, күміс және нейзильберден.
  3. ҚР Ұлттық банкі айналым ақшаларынан бөлек естелік және мерейтойлық тиындар мен банкноталар шығарады.
  4. Теңге – бетіндегі жазулары қос тілде жазылған әлемдегі жалғыз валюта.
  5. Қазақстандық банкноталар үш рет қатарынан әлемдегі ең үздік банкнота ретінде танылды: 2011 жылы — 10 мың теңгелік, 2012 жылы — 5 мың теңгелік, 2013 жылы — 1000 теңгелік купюра.

Басқа материалдар

Back to top button