Жаңалық Мақала Редакция таңдауы

Еліміздегі ипотекалық бағдарламалар

Тұрғын үй мәселесі – ең өзекті әлеуметтік мәселе. Кез келген мемлекеттегі маңызды мәселелердің бірі де осы.

Сананы тұрмыс билейді. Халық әл-ауқатының жақсаруы оның рухани дамуына да, мәдени өркендеуіне де жол ашады. Қалай құбылтсақ та, тоқетері осы.

Ауданы 54 шаршы метр пәтердің орташа құнын және үш адамнан тұратын орташа статистикалық қазақстандық отбасының орташа табысын негізге алсақ, жеке меншік тұрғын үй сатып алу үшін шамамен 11 жыл қаражат жинау қажет.

https://youtu.be/YjwVE2CuDTI

Бұл аз уақыт емес. Жалдамалы пәтер, азық-түлік, тұрмысқа қажет тауарлар мен жоспарланбаған шығын қажет соманы жината қоюы екіталай. Әуелгі баспананы алудың бірден-бір жолы – ипотека.

Елімізде бірнеше мемлекеттік те, жеке де ипотекалық бағдарлама бар. Солардың бірнешеуіне тоқтала кетейік:

«Нұрлы жер» – халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік бағдарлама.

Бастапқы жарна – 20%-дан бастап. Жылдық пайыздық мөлшерлеме – 5%. Мерзімі – 25 жылға дейін.

«Әскери өнім» – тұрғын үй төлемдерін пайдаланатын, әскери қызметкерге жеңілдігі бар несие беру бағдарламасы.

Бастапқы жарна – 15%-дан бастап. Жылдық пайыздық мөлшерлеме – 6-8%. Мерзімі – 8 жылға дейін.

«Бақытты отбасы» – көпбалалы, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, I және II топтағы мүгедектігі бар тұлғалар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған бағдарлама.

Бастапқы жарнаны өзіңіз тұратын аймақтың әкімдігі берген тұрғын үй сертификаты есебінен өтеуге болады, тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санатын әкімдік анықтайды.

Бастапқы жарна – 10%-дан бастап. Жылдық пайыздық мөлшерлеме – 2%. Мерзімі – 19 жылға дейін.

«Өз үйім» – жаңа салынған үйден пәтерді нарық құнынан төмен бағада беруге бағытталған Отбасы банкінің жеке бағдарламасы.

Бастапқы жарна – 20%-дан бастап. Жылдық пайыздық мөлшерлеме – 3,5-7%. Мерзімі – 25 жылға дейін.

«Ұмай» әйелдер ипотекасытек әйелдерге арналған ипотека.

Бастапқы жарна – 20%-дан бастап. Жылдық пайыздық мөлшерлеме – 12%. Мерзімі – 13 жылға дейін.

«7-20-25» – Қазақстандықтарға арналған әлеуметтік бағдарлама.

Бастапқы жарна – 20%-дан бастап. Жылдық пайыздық мөлшерлеме – 7,2%. Мерзімі – 25 жылға дейін.

«Алматы жастары», «Елорда жастары» – 35 жасқа дейінгі жастарға арналған жеңілдетілген несие беру бағдарламалары.

Бағдарлама 2022 жылдың мамырынан бастап жүзеге асырылып келеді. Операторы – Отбасы банк.

2015 жылдан бері ипотекалық кредиттеудің 2 еседен артық өскені байқалады. Банк секторының ипотекалық портфелінің көлемі 2018 жылы 524,1 млрд. теңгеге жетті.

https://youtu.be/fhLkpBZZnNc

2018 жылы берілген ипотекалық кредиттердің жалпы көлемі пайдалануға жаңадан берілген тұрғын үй құнының 12,6 %-ын құрады. ЕДБ-ның кредиттік портфелінде ипотекалық қарыздардың үлесі 2019 жылдың басында 10 %-ды құрады, 2017 жылы бұл көрсеткіш 8,3 %-ға тең болды.

Ипотекалық өнімдерге негізгі сұраныс Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында шоғырланған (жалпы алғанда 50 %-дан астам).

Әр қазақ баспаналы болсын!

Сұлтан Мұстафин

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button