Жаңалық Редакция таңдауы Зерттеу

Отбасындағы ұрысты кім бастайды (зерттеу)

Қазақстандық отбасылардың ұрыс-керіс кезінде өздерін ұстау моделі

Ескерту: Ақпарат «Ерлі-зайыптылардың ұрыс-керіс жағдайында өздерін ұстау моделі» талдамалық баяндамасынан алынды.

Талдау көрсеткендей, информанттардың көпшілігі отбасындағы ұрыс-керіс жиілігін «сирек» және «өте сирек немесе ешқашан» нұсқалары арқылы бағалайды. Жартысында, яғни отбасылардың 50%-ында ұрыс-керіс сирек орын алады, ал шамамен 1/3 бөлігінде ұрыс-керіс өте сирек немесе ешқашан болмайды.

Татуласу мен жаңа қақтығыс арасында орта есеппен қанша уақыт өтеді?

Қақтығыс жағдайына жиі ұшырайтын ерлі-зайыптыларда бірнеше күнде кемінде 1 рет ұрыс-керіс болып тұрады. Елеулі қақтығыстар сирек кездесетін жұптарда ұрыс-керіс айына 1 рет немесе 3-4 айда 1 рет болады. Елеулі қақтығыстар өте сирек кездесетін отбасылар татуласу мен жаңа ұрыс-керіс арасындағы кезеңді әрқалай анықтайды, бірақ орташа есеппен ол бірнеше айдан алты айға дейінгі уақытты қамтиды.

Ұрыс-керістің себептері

Отбасындағы ұрыс-керіс себептеріне үңілетін болсақ, информанттардың көпшілігі оларды «жеңіл» (36%) және «өте жеңіл: татуласқаннан кейін ұрыс-керіс туралы бірден ұмытып кетеміз» (32%) деп бағалайды. Отбасында ауыр ұрыс-керістерге шамамен 14% информант кезігеді.

Шамамен 18% информант біржақты бағалай алған жоқ. Олардың пікірінше, отбасыларда ауыр да, жеңіл де ұрыс-керіс жағдайлары болып тұрады.

Ұрыс-керіс ұзақтығы

Информанттардың жауаптарына қарасақ, көптеген отбасыларда ұрыс-керіс ұзаққа созылмайды (75%). Отбасылардың 11% бөлігіне ұзақ уақыт ұрысу жағдайлары тән. 14% жағдайда информанттар ұрыс-керіс жағдайлары әртүрлі өтетінін айтады: қысқасы да болады, ұзаққа созылатын ұрыс-керіс жағдайлары да жоқ емес.

Ұрыс-керісті кім бастайды?

Информанттардың жауаптары бойынша отбасылардың шамамен жартысында (46%) ұрыс-керіске әйелі мен күйеуі бірдей бастамашылық етеді. 29% информант ұрыс-керістің негізгі бастамашысы ретінде әйелін атаса, 25% информант күйеуін осындай деп атады.

Кім бірінші кешірім сұрайды?

Ұрыс-керіс жағдайынан кейін татуласуды көбінесе ерлер бастайды екен, информанттар 50% жағдайда осылай деді. Іріктеменің 14% бөлігінде жұбайлар арасында татуласуды әйелдер бастайтын болып шықты. 36% информанттың айтуынша, отбасында татуласу туралы ниет жұбайлардың екеуінде де болады.

https://youtu.be/FXD4KpY8yt4

Жұбайларды татуласуға алғашқы қадам жасауға не итермелейді?

  • «Мен еркекпін ғой». Бірқатар информант ерлердің пікірінше, сүйікті адамымен татуласуға қадам жасау ер азаматтың міндеті.
  • Өзіңнің қателескеніңді мойындау.
  • Жұмсақ, сабырлы болу.
  • Қызбалық, адам өзін бақылай алмайды, тез ашуланып, тез басылады.
  • Серігі кінәлі/кінәсіз болғанына қарамастан, бірінші боп татуласпайтынын түсіну.

«Ерлі-зайыптылардың ұрыс-керіс жағдайында өздерін ұстау моделі» талдамалық баяндамасы

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button