Жаңалық

Әділ сайлау – демократия айнасы

Тәуелсіз Қазақстанның өткен үш онжылдығында экономикалық нарық қалыптасқанымен, саяси нарықтың іргетасы қаланып, сөгілмес қабырғасы тұрғызыла қойған жоқ.

Мойындауымыз керек, квазимемлекеттік сектор субъектілері де, отандық бизнестік құрылымдары да, трансконтинентальды компаниялар да – бәрі-бәрі ашық бәсекеге құрылған ортада ғана өркен жайып, өз өнімін шығара алады. Демократия принциптеріне адал, заң үстемдік құрған елде ғана компродорлық, делдалдық буржуазияның тынысы тарылып, аяғы тұсалады.

Әділ бәсеке, құқықтардың тең болуы, жарыспалы тәртіпке бағынған сайлау ғана демократия институтының қалыптасып, дамуына негіз бола алады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясы өз өміршеңдігін дәлелдеп, қоғамның түрлі әлеуметтік қабаттарын қамти аларына сенеміз.

Суперпрезденттік модельден бас тартып, атқарушы биліктің кейбір құзіреттерінің парламентке берілуі, конститутциялық сот жүйесінің қайта қалпына келуі, ол – диктаторлық, отбасылық-кландық басқарудан саналы түрде бас тартқанымызды білдіреді. Әрине, өріс кеңейтіп, алға жылжуда эволюциялық үлгіні таңдап, тұтастық пен татулықты сақтап, барынша толеранттылық танытудың жеңісі де көп күттірмейді. «Бір ақымақ келіп соғысты бастап берсе, оны кейін он ақылды жиылып тоқтата алмайды» деген мойындалған қағидат бар. Оны қазір әлемде орын алып отырған саяси жағдайдан, қатар жүріп жатақ автоматтар мен ақпаратар атысынан көріп-біліп отырмыз. Ендеше, революциялық көңіл күй тудыратын лозунгтар мен слогандардан абай болып, себеппен емес, оның салдарымен күресіп қалатын жағдайдан сақтанған жөн.

Қазақстан жер көлемі бойынша әлем елдерінің ішінде 9-орында. Осынау ұлан-ғайыр территорияда қолға алынып, стратегиялық маңызға, мемлекеттік мәнге ие кез келген жоба-жоспар глобалды, ауқымды сипатқа ие екені белгілі. Мысалы, автобандар салу, цифрландыру, елді мекендерді ауызсумен, жылу жүйесімен қамтамасыз ету аз ғана уақыттың еншісіндеге шаруа емес. Біздікі Еуропаның аумағы шағын елдерінің ереже-талабынан өзгеше, біршама мәуріт-мезетті қажет етеді. Елімізде президенттік мерзімнің 5-тен 7 жылға ұзартылып, Ата Заңымызда шегенделіп қойғанының негізгі себебі де осында жатыр. Мұны таққа, билікке құмарлық дегеннен гөрі, табиғи, территориялық қажеттілік деп қабылдасақ, қателеспейміз.

Алдағы жексенбі, яғни 2022 жылдың 20 қарашасы күні Қазақстан Президентінің сайлауы күн. Ел азаматтарын өз таңдауын жасауда белсенділік танытып, өркениет көшіне ілескен еліміздің азат рухты, өр намысты, әлеументтік әлді, әлеуеті артып келе жатан болашақ үшін дауыс беруге шақырамыз! Конституциялық құқымызды пайдаланып, азаматтық қоғамның мүшесі ретінде таңдауымызды жасап, сайлау учаскелерінен табылайық.

ЮНЕСКО Журналистика мен коммуникация кафедрасының аға оқытушылары Бекжан Әшірбаев, Мұрат Шаймаран

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button